Үйді қыста жөндеудің тиімді 5 тұсы бар

0
6 717

Түсқағазды қыста жапсырған тиімді.


Үйді қыста жөндеудің  тиімді 5 тұсы бар

Көпшілігіміз үшін көктемнің аяғынан қара күзге дейін, яғни, күннің жылы мезгілінде үй жөндеу әдетке айналған. Себебі бұл кез терезелерді ашып бөлмелерді желдеткенге, кез-келген құрылыс материалдарын пайдалана беруге болатын өте ыңғайлы кезең. Бірақ кейде көшіп-қонып немесе ақшаның ыңғайына қарап жөндеу жұмыстары қысқы мезгілге қалып қойып жатады. Осы жерде "жөндеуді қыста жүргізуге бола ма?" деген сұрақ туындайтыны анық. Тек сіздер сене қоймассыздар, алайда қыста жөндеу жұмыстарын жүргізу өте тиімді екен. Ал енді осы тиімді негізгі бес себепті білгіңіз келсе, мархабат!


  1. Қаражатқа үнем. Қысқы жөндеу жұмыстары қаражатты біршама үнемдейді. Біріншіден жөндеу жұмыстарын жасайтын бригадалар көбіне бос болады, сондықтан олардың кез-келгенін таңдау мүмкіндігі мол, әрі ақшасын да арзан келісуге болады. Екіншіден құрылыс дүкендері мұндай уақытта 10-15 пайыздық жеңілдіктер жүргізеді.
  1. Құрылыс дүкендеріндегікезектің жоқтығы және тауардың қолда болуы. Жөндеу жұмыстарын жазда жасау үйреншікті әдетке айналып қалғандықтан болар, қыста құрылыс дүкендеріндегі кезектер жоқ болып кетеді. Сіз қалаған тауарыңызды қалаған уақытта, қалаған дүкеннен алуға мүмкіндігіңіз бар.Сондықтан іздеген затыңызды алу бір-екі сағат уақытыңызды ғана алуы мүмкін.
  1. Құрылыс материалдарының тез кебуіне әсер етеді, яғни, үй ішіндегі пеш немесе жылыту батареяларының көмегімен үйге жаққан құрғақ қоспалар тез кеуіп кетеді. Мысалы қабырға сылақтары, құймалы еден т.б.


4.Түсқағаз жапсыру үшін ең қолайлы кез. Жазда күннің ыстығында түсқағаз жапсырар болсаңыз, онда ылғалдың азайып, ауа құрғағаннан әрі температура өзгерісінен түсқағаздардың арасы ажырауы мүмкін, қатпарланып, қалталанып қалуы да ғажап емес. Сондай-ақ жазда есі-терезе ашық тұратын болғандықтан өкпек жел көп болады, соның кесірінен кейде түсқағаздардың қабырғаға жапсырылған гөрі түсуі тез болады. Ал қыста үйдің іші қашанда жылы әрі құрғақ болады.


5.Сырлы кірпішті (кафель) орналастыруға, бояуға , қоршау орнатуға ыңғайлы кезең. Қыс мезгілінде есік-терезе сирек ашылатындықтан, бөлме ішндегі температура қалыпты жағдайда болады. Мұндай кезде кейбір өңдеу материалдарымен жұмыс жасау өте қолайлы болады, әсіресе температураның ауысуына өте тез әсер беретін өңдеу материалдары. Бұл бөлме ішіне жағылатын құрылыс ерітіндісіне, қабырғаны, уйдің төбесі мен еденін бояу жұмыстарына тікелей қатысты. Мысалы, кейбір лак-бояу материалдарының құрамында су болады. Темпереатура төмендегенде (мұндай жағдай жаз мезгілінде орын алуы мүмкін) бояудың бір қабаты кебу кезінде өзінің қасиетін жоғалтады, ал ол сырты көрінісінде анық байқалады. Сонымен қатар, жаз мезгілінде жасалған сылақ пен бетон ыстық ауа температурасынан көбіне жарылып, тегіс шықпай жатады. Сондықтан да мұндай құрылыс жұмыстары үшін ең қолайлысы қысқы мезгіл. Тек қыста жөндеу жұмыстарын жасағанда терезені ашпау керек екенін естен шығармаған жөн.

Жоғарыдағы жазылған оң жағдайлар қысқы мезгілде жөндеу жұмыстарын жасауда бірқатар басымдықтар бар екенін көресетті. Сондықтан қыста қорықпай жөндеу жұмыстарын жасай берсеңіз болады. Алайда қысқы ауа-райында жұмыс жасағанда кейбір ережелерді сақтаған дұрыс. Олар:

  • Жұмыс жасалатын бөлме немесе үй температурасы +5 градустан төмен болмағаны жөн, егер жылу жүргізілмеген болса түрлі жылытқыш құралдарын пайдаланған жөн;
  • Сырттан әкелген материалдар ( есік, түсқағаз, ламинат, бояғыштар т.б) бөлме температурасына қалыптасқанша пайдаланылмағаны дұрыс;
  • Кез- келген материалдардың нұсқаулығын сақтау қажет.

Әрбір ықыласпен атқарылған жұмыс,күннің ыстық суығына қарамай сәтті шығатыны сөзсіз.Бастысы ережені дұрыс ұстаныңыз, жұмысыңыздың сапасы жоғары болады.

Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:

Көкөністер мен жемістерді ұзақ сақтаудың сыры неде?

Үй шаруасындағы лайфхактарды білесіз бе? (ТЕСТ)