12-18 қараша: аптаға жасаған жоспарыңыз орындала ма?

0
3 746

Бұл аптадағы жағдай қандай болар екен, жоспарға бағына ма, бағынбай, өзіңізді басқа арнаға бұрып әкете ме?


12-18 қараша: аптаға жасаған жоспарыңыз орындала ма?

Фото: img.zecity.ru

Ертеңгі күнге, алдағы апта мен айларына жоспар жасамайтын пенде кемде-кем шығар. Бірақ, кейде ойлағаның орындалмай, күтпеген жағдайлар жетегінде кететініміз бар. Осы орайда келесі аптаны жұлдызшылар қалай болжайды?


Тоқты

Қандай да бір туыс не танысыңыздың тағдыры сіздің қолыңызда тұр. Сіз не жасасаңыз да, өзгенің өміріне әсері тиеді. Сондықтан, әр қадамыңызға екі есе жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн. Жоспарларыңыз ойдағыдай іске аспауы мүмкін. Әйткенмен, импровизация мен аяқасты қабылдаған шешімдеріңіздің өзі сәттілікке бастайды.


Торпақ

Барлық ойда жүрген істерді, жоспарларды батыл түрде бастай беруге болады. Бірінен соң бірін қолға алыңыз, бәрі де нәтижелі аяқталады. Апта соңында тек жетістік пен табысыңызды тойлайтын боласыз. Дегенмен, жұмыс-жұмыс деп жүгіре беруге де болмайды. Үй шаруасы мен дұрыстап тынығуға да уақыт табыңыз.


Егіздер

Басқа уақытта қанша күш салсаңыз да соңына жеткізе алмай жүрген істерді орындап, шешімін табудың сәті түсіп тұр. Тек, эмоцияға берілмей, бәріне байыппен қарап, дұрыс саралай білсеңіз болғаны. Бос әңгіме мен шулы ортадан, жоспарларыңызды алдын-ала жария қылудан аулақ болыңыз. Бақыт сияқты, табыс та тыныштықты жақсы көреді.


Шаян

Аптаға жасаған жоспардың жүзеге асу-аспауы тек өзіңізге байланысты дейді жұлдыздар. Иә, «жасайын ба, жасамайын ба?», «қажет пе, қажет емес пе?» деген сұрақтармен біраз бас қатыруға тура келеді. Тек сананы ғана емес, түйсікті де, дос-туыстар мен әріптестердің ақылын да ескеруге тиіссіз. Бәрін жақсылап саралап, дұрыс деп тапқан шешіміңіздің оң боларына сенсеңіз, сеніміңіз ақталады.


Арыстан

Апта бойында қатты ашу шақырудан, зиянды ас ішуден, қауіп-қатерге бас тігуден, тәуекел етуден аулақ болғаныңыз дұрыс. Олай етпесеңіз, күтпеген жерден жарақат алып не сырқатқа шалдығып, ол жоспарыңызды күл-талқан етуі мүмкін.


Бикеш

Өкінішке орай, бұл аптада қай істі қолға алсаңыз да, нәтижелі болуы екіталай. Сондықтан, жоспардағы маңызды шаруаларды кейінге қалдыра тұрыңыз. Әсіресе, сейсенбіде.


Таразы

Жасалған жоспар былай қалып, бұл аптадағы уақыт пен әрекеттеріңізді жаңа идеялар билейді. Жаңадан келген жарқын ойларды іске асыруға асығыңыз. Еңбегіңіз еш кетпейді. Дәл қазір болмаса да, ай соңына қарай жемісін көресіз.


Сарышаян

Астрологтар қарашаның орта шені Сарышаяндар үшін ауырлау өтетінін айтуда. Жоспарларды жүзеге асыру үшін көптеген сұрақтарға жауап іздеу, талмай еңбектену қажет болады. Әйткенмен, бұл сіздің салыңызды суға кетірмей, қайта қанаттандыруға тиіс. Жаңа аптаны жаңа қарқынмен бастаңыз.


Мерген

Мергеннің көптен байқалмай кеткен жұмысқа деген қызығушылығы осы аптада қайта оянады. Табыс үшін ғана емес, нәтиже үшін де жасайды жұмысты. Соның арқасында біраздан бері жүзеге аспай жүрген жоспарлар орындалып қалады. Оның ішінде осы аптаға арнайы құрылғандары да. Әйткенмен, бұл тек қызметке қатысты.


Тауешкі

Осы аптада қызметке қатысты барлық жоспарларыңыз сәтті жүзеге асып, мансабыңыз не абыройыңыз жоғарылайтын болады. Бұл сізді одан әрі шабыттандырып, одан да биік белестер мен үлкен жоспарлар құруға жетелейді.


Суқұйғыш

Осы аптаға құрған жоспарыңызға қосымша, аяқ астынан туындаған шаруалармен де айналысуға тура келеді. Сондықтан, салқынқандылық, логикалық ойлау қабілеті мен саналылық үнемі серігіңіз болуға тиіс. Олардан бір сәтке қол үзіп қалсаңыз, жоспарлы-жоспарсыз шаруалардың бірі болмаса екіншісінен шалыс басуыңыз мүмкін.


Балықтар

Мансап, жарқын болашаққа жоспар, маңызды таныстықтар... Аптаның барлық күні дерлік осы тақырыптар төңірегінде өтеді. Жоспардың бәрін сәтті де нәтижелі орындап, қабілетіңіздің қаншалықты екенін бәріне дәлелдейсіз. Әйткенмен, айтылған мақтауларға семіріп кетпеңіз, бойыңыздағы қарапайымдылық пен еңбекқорлықты жоғалтпаңыз.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ