Қаңтар айына арналған қаржылық жұлдызжорамал

0
7 110

Қаңтарда қалтаңыз қалыңдай ма әлде қаржыңыздан қағыласыз ба? Қайтсеңіз кіріске кенелуіңіз мүмкін? Қай күндері қарыз беріп, қай күндері қарыз алмаған дұрыс?


Қаңтар айына арналған қаржылық жұлдызжорамал

фото: cbsmedia.ru

Қаңтарда қалтаңыз қалыңдай ма әлде қаржыңыздан қағыласыз ба? Қайтсеңіз кіріске кенелуіңіз мүмкін? Қай күндері қарыз беріп, қай күндері қарыз алмаған дұрыс? Сұрақтардың жауабын табам деп бас қатырып әуре болмаңыз, себебі оны астрологтар айтып үлгерді.


Қаржылық операциялар болжамы:

8, 22 қаңтар — осы күндері біреуге қарыз берсеңіз, «Қарыз күліп кетіп, жылап келеді» деген сөздің растығына көз жеткізесіз. Сондықтан, бермей-ақ қойған абзал.

3, 16, 31 қаңтар — ал, бұл күндері берілген қарыз күліп кетіп, көп ұзамай қалтаңызға қайта күлімдеп кіретін болады.

9, 17 қаңтар — қаржыдан қатты қысылсаңыз, дос-туыстарыңыздан қарызға осы күндері сұраңыз.

12, 21, 28 қаңтар — бұл күндері қанша қиналсаңыз да, ақша сұрап ешкімнің алдына бармай-ақ қойған жөн.

10, 11 қаңтар — мойныңызда бұрыннан жүрген қарызыңыз болса, осы күндері құтылуға асығыңыз.

18 қаңтар — көптен құтыла алмай жүрген қарызды қайтарудың сәті дәл осы күні түсе қалса, ақшаңызды апарып беруге асықпаңыз. Дұрысы 18 қаңтардан кейінгі күндерді күту.

2, 14, 19, 25 қаңтар — осы күндері қалтаңызда, қорда, басқа да жинақ орындарында жатқан қаржыларыңызды, кіріс пен шығысты қайта санап, өзіңізге толықтай қаржылық есеп беріңіз.

5, 20, 26 қаңтар — бұл күндері әмиян сатып алсаңыз, ол үнемі қаражатқа толып, қомпайып жүретін болады.

6, 24, 30 қаңтар — өзіңізге де, өзгеге де сыйлық алуға арналған күндер. Бұл күндері алынған сыйлықтар сәттілік пен табыс әкеледі.

7, 15, 23 қаңтар — ал ірі көлемдегі сауда-саттық жасау қажет болса, оларды осы күндердің еншісіне қалдырыңыз.

4, 27 қаңтар — салым мен жаңа кәсіпке қаражат салуға өте қолайлы күндер.

13, 29 қаңтар — валюта айырбастау, жылжымайтын мүліктерге қатысты қаржылық операцияларды жүзеге асыруға өте сәтті күндер болмақ.


Оқи отырыңыз:

2019 жыл: Қаңтар айына арналған жұлдызжорамал


Ал енді жекелеген жұлдыз белгілері жайында қысқаша...


Тоқты

Қаңтардың басынан-ақ жаңа іс бастауды, кәсіптің жаңа бір түрімен айналысуды батыл қолға алыңыз. Сәттілік пен табыс сіздің жақта. Жалдамалы жаңа жұмыс іздесеңіз де, бұрынғыдан да жалақысы жоғары қызметке тап боласыз.


Торпақ

Ай бойы қаржылық жағдайыңыз құбылмалы. 10, 11, 15, 16, 19 және 20 қаңтарда қарызды қайтару, салым салу, құнды қағаздар операциясы немесе сауда-саттық жасау істерінде сәттілік серігіңіз болады. Қалған күндері қалтаңызға да, қаржыңызға да аса сақтықпен қарағаныңыз дұрыс.


Егіздер

Осыған дейін жиған-тергеніңізді өз жаныңыздың рахатына жарататын кез келді. Қаржыңызды саяхат, демалыс сындыларға еш қиналмай жұмсай беріңіз. Себебі, тынығып келгеннен кейінгі қарқынды жұмыстың нәтижесінде одан да үлкен табысқа, қаржылай сыйақыға кенелесіз.


Шаян

Айдың алғашқы жартысында қаржылық жағдайыңызды жақсартуға септігі тиетін көптеген мүмкіндіктер беріледі. Оларды мүлт жібермей, уақытылы әрі тиімді пайдалана алсаңыз, мол табысқа кенелесіз. Ал, қаңтардың соңғы онкүндігінде қаражат жұмсауда үнемділік пен сақтық танытқаныңыз дұрыс.


Арыстан

Айдың соңына дейін сәттілік сізден екі елі ажырамайды. Соның арқасында тиімді ұсыныстар, қаржылық сыйақылар мен оң өзгерістер көп болады. Қосымша не қазіргіден де жалақысы жоғары жұмыс тапқыңыз келсе, іздеуге 18, 21, 22 және 23 қаңтарда аттаныңыз.


Бикеш

Алдағы айлар сізді қаржыдан аздап қинауы мүмкін. Сондықтан астрологтар қаңтарда күшіңіз бен ақшаны қатар үнемдеп, қор жинауға, көбірек еңбектенуге кеңес береді.


Таразы

Қаңтардағы жұмыс сізге қосымша қаражат қана емес, ләззат та сыйлайды. Сондықтан, ерінбеңіз, еңбек етіңіз. Сонды басшылық тарапынан да қаржылай сыйақыға ие боласыз. Жаңа табыс көзін тілесеңіз, ол алдыңыздан іздемей-ақ табылады.


Сарышаян

Сәттілік атты серігіңіз қаңтарда қарқынды, белсенді. Сондықтан, жаңа жобаларға салым салу, несие алу және ірі көлемдегі сауда-саттық жасау сынды істерді сенімді түрде қолға алыңыз.


Мерген

Қаржылық жұлдызнама қаңтарды Мергендер үшін де сәтті ай дейді. Бойыңыз қуатқа толып, еңбек өнімділігі артады. Нәтижесінде табысыңыз да еселене түседі. Әйткенмен, тапқан табысыңызды қарыз сұраушылардың қолына ұстатпағаныңыз дұрыс. Қайтымы қиын болады дейді жұлдызшылар.


Тауешкі

Сізді қаңтарда қаржылық тұрақтылық күтіп тұр. Пайдалы таныстық, тиімді келісімшарт сенімді серіктес немесе жаңа кәсіптің арқасында кіріс көлемі біршама ұлғаяды. Әйткенмен, бұл тым көп деген сөз емес. Сондықтан, үнемдеу жайлы да ұмытпаған жөн.


Суқұйғыш

Ай басында ықпалды адамдармен танысасыз. Олардың көмегіне арқа сүйеп жаңа кәсіп бастар болсаңыз, тасыңыз өрге домалап,табысыңыз артады. Қолда бар қаражаттан айрылмас үшін жақсы танымайтын, сенімсіз адамдардан қарыз алмаңыз, бермеңіз де.


Балықтар

Ай басында басқалар мерекеден соңғы демалысты жалғастырып жатса да, сіз барынша қарқынды еңбек етіңіз. Себебі, сіздің жағдайыңыз демалысты көтермеуі мүмкін. Салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз ықтимал. Сол себепті, қаңтарда демалыс жоспарлаған болсаңыз, кейінге ысыра тұрып, табыс табудың жан-жақты жолдарын жасаңыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ