КАРАНТИН кімге не ҮЙРЕТТІ? Белгі иелерін қалай ӨЗГЕРТТІ?

0
2 396

Ендігі жерде көптен танимын, жақсы білемін деген жандарды жаңа қырынан көріп жатсаңыз, бұрын беймәлім болған мінез-құлқын байқасаңыз, таң қалмаңыз.


КАРАНТИН кімге не ҮЙРЕТТІ? Белгі иелерін қалай ӨЗГЕРТТІ?

Бір айдан астам уақыт сапар мен сауықты, қызмет пен қарбаласты, тынымсыз тыпыр тіршілікті жиып қойып, бар уақытын үйде өткізу – адамзат баласының басында көптен болмаған жай. Біреулерге бұл қиын тиюде. Енді біреулер жағдайдың жақсы жағын көруге, пайдаға асыруға тырысуда. Ендігі жерде көптен танимын, жақсы білемін деген жандарды жаңа қырынан көріп жатсаңыз, бұрын беймәлім болған мінез- құлқын байқасаңыз, таң қалмаңыз. Қайткен күнде де, карантин кезеңі әркімге бір нәрсені үйретті, өзгертті. Кім қандай сабақ алды? Кімге қандай әсер берді? Кімді қалай өзгертті?


Тоқты

Бұрын үнемі көңілді, айналасына жылу, адамдарға жылы сөзін шашып жүретін Тоқтыны танушы ма едіңіз? Қазір одан тек дөрекі жауап, былапыт сөз естуіңіз мүмкін. Себеп – карантин уақытында агрессияға толы адамға айналуында. Ашуға бой алдырып, ат құйрығын кесісуге асықпаңыз, бәлкім бұрынғы қалпына қайта түсер.


Торпақ

Карантин кезінде аса тапшылыққа тап бола қоймаса да, қатаң түрде үнемдеу тәртібіне көшкен. Тіпті, ауаны да үнемдеп демал десе, таң қалмаңыз. Мүмкін, расында қаражаттан қиналып жүрген болар. Қалтасында қолма-қол ақшаның аз екені рас. Қазір ол ақша орнына күріш-макарон санап отырған болуы әбден мүмкін. Сондықтан, үнемшілдігін «шық бермес Шығайбайлықпен» шатастырып ренжи көрмеңіз.


Егіздер

Олар қазір бар ойын қағазға түсіретін әдет тапқан. Не істерін білмей зеріккеннен болар. Қалай болғанда да, бұл – жақсы әдет. Бір жағынан өзіне өзі осылай пайдалы терапия жасайды. Екінші жағынан, ойлар арасында тым жақсы идеялар да болатыны ақиқат. Сондықтан, карантин біткенде оның қолында жарқын идеялар мен бизнес-жоспарлар жазылған кітапша болуы әбден ықтимал.


Шаян

Бұрын отбасына уақыт таба алмай, көңіл бөлмей жүретін Шаяндар қазір сүйікті күйеу мен супер-әкеге айналған. Балаларын өз қолымен 5 мезгіл тамақтандырады. Сабағына қарап, тапсырмаларды бірге орындасады. Тіпті, әйеліне қазан-табақ жууға көмектесіп кетуі де ғажап емес.


Арыстан

Қашан да көпшіліктің ортасында жүргенді, бар назардың өзінде болғанын жақсы көретін Арыстандар үшін үйге қамалып отыру қиынның қиыны екені айтпаса да түсінікті. Алайда, қиыннан қиыстырудың шебері көңіліндегі бос кеңістіктің орнын ғаламор арқылы толтыруға кірісті. Кез келген салада онлайн-курс жүргізіп, көп ұзамай табынушыларының махаббатына бөленіп отырған Арыстандар өте көп.


Бикеш

Олар отбасының әр күнін көңілді өткізу үшін барын салуда. Бірде отбасылық ойын-сауық өткізу үшін үй асабасына, бірде балалардың көңілін көтеру үшін сайқымазаққа айналып кетеді. Әлеуметтік желі мен топтарда әзіл-қалжың таратуды да жаңа қызметі етіп алғандай. Бұл бастапқыда жақсы нәтиже беруі мүмкін. Алайда, шектен шығып, жақындарын ығыр қылудан сақтанған дұрыс.


Таразы

Асүйді айналшықтап жүріп, бір айдың көлемінде нағыз аспазға айналған. Бұрынғыдай үйреншікті тағамдарды ғана әзірлемейді. Енді Таразының отбасы фуа-гра, тартар секілді бұрын аты да, заты да таныс болмаған тағамдардың дәмін көруде. Таразының карантин кезінде қалыптастырған тағы бір әдеті – алдағы бірнеше күн, кейде бірнеше аптаға жетерлік асты әзірлеп, мұздатып қою. Қарбалас жұмыс басталғанда пайдасы тиері анық.


Сарышаян

Олар ақыл қалтасы мен білім қоржынын толтыруда. Онлайн-курс, вебинар, тренинг, электронды кітап – карантин кезіндегі көрген-баққандары осылар болып тұр. Сондықтан, келесі кездескенде Сарышаянға қалаған тақырыпта өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарды қойып, жауабын біліп алуға әбден болады.


Мерген

Олар бәрін ойша жасауда. Қиялында отбасымен саяхатқа шығып, теңіз жағасында тынығып жүр. Немесе түрлі онлайн-курстарға қатысуда. Көп нәрсе үйреніп жатыр екен деп ойлап қалмаңыз, мұның бәрі ойша ғана. Немесе басын бастап, аяқсыз қалдырған. Сондықтан, карантин басталғанда қандай болды, біткен уақытта үйден дәл сондай Мерген болып шығады.


Тауешкі

Карантин Тауешкілерге қалай ауадан ақша жасауға болатынын, кез келген білімді табыс көзіне айналдыру мүмкін екенін ұқтырды. Бастапқыда ғаламтор бетінде білген ақпаратымен бөліскен олар уақыт өте келе мұны ақыға сатуға болатынын түсінді. Сатып жатыр да.


Суқұйғыш

Карантиндегі зерігудің арқасында олар өздерінің жасампаз, шығармашыл жан екенін түсінді. Сабыннан мүсін жасау, асүйдегі азық-түліктен қолөнер туындысын туғызу – қазір мұндайлар Сарышаянға түк емес. Алдағы уақытта қолөнермен түбегейлі айналысып, кәсіпке айналдырып жатса таң қалмаңыз.


Балықтар

Күні бойы кино көру, зиянды-зиянсыз тамақтарды асқазанға тоғыту, ұйқы – карантин кезіндегі Балықтардың бар айналысып жатқаны осы шаруалар. Айтпақшы, арасында дәретхана мен жуынатын бөлмеге барып-келетінін қосу керек. Осылайша, Балықтар да бір орында тұрып қалмай, жылжып жатыр. Тек, басқалармен бірге алға емес, кері қарай.

Аударған: А. Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Белгілі астролог әлемді шарпыған КОРОНАВИРУС өртінің ҚАШАН ӨШЕТІНІН айтты

Шашты тықырлап алудың қандай ЗИЯНЫ бар?