Отбасылық өмірдің қай кезеңіндесіз, білгіңіз келе ме?

0
3 878

Мұны білу ерлі-зайыптылардың жақсы қарым-қатынасы үшін маңызды.


Отбасылық өмірдің қай кезеңіндесіз, білгіңіз келе ме?

Отбасылық өмір басталған бетте бір арнаға түсіп, соңына дейін тынық ағыспен жүзбейді. Түрлі иірімдерге, бұрылыстарға толы, кейде толқындарға соқтығысып, кейде ұйықта ұршықша иіріледі. Түрлі кезеңі, сатылары бар. Жақсы отбасы болып қалыптасу үшін өзіңіздің қай кезеңде тұрғаныңызды, толқынға соқтықпай өту үшін қандай әрекет жасау керегіңізді білген маңызды.


Нумерологтар отбасылық өмірдің жылдарын 9-ға бөлу арқылы қай кезеңде тұрғаныңызды анықтауға, соның нәтижесінде әрекеттер мен қарым-қатынас заңдылықтарын білуге болады дейді.

Ол үшін отау көтергеніңізге (тұрмыс құрғаныңызға) қанша жыл болды, сол санды 9-ға бөлесіз. Қалған қалдық сіз тұрған кезеңнің нөмірін білдіреді.

Мәселен, 15 жыл болса, 15:9=1 бүтін, 6 қалдық. Яғни, өз сипаттамаңызды 6 нөмірінен қарайсыз. Егер қалдықсыз бөлінсе, сізге арналған кеңестерді 9 нөмірінен іздеңіз.


№1 кезең

Бұл жылы жаңадан отау құрған жастар бір-біріне өздерінің жақсы жақтарын көрсетуге ұмтылады. Ал жаман қырларын жасырып қалуға барынша тырысып бағады. Сондықтан бір-бірі үшін үнемі жақсылық жасап, махаббатары маздап жанып тұрады.

Ал кезең айналып келгенде, яғни, отбасылық өмірдің оныншы жылында бір-біріне өз бойынан позитивті энергия ғана жіберетін болады. Бірақ бұл ерлі-зайыптылардың екеуі де тұлғалық жағынан бірдей дамығанда ғана. Бірге дамымай, бірі алға кетіп, екіншісі артта қалып қойса, жақсы қарым-қатынас, позитивті энергия туралы айтудың өзі артық.


№2 кезең

Бір-біріне жол беру, құрбандыққа бара алу, түсінуге тырысу кезеңі. Дәл осы екінші жылда қарым-қатынаспен жақсы жұмыс істесе, үйлесім, жарастық орнап, екеуі де бір бағытқа бір көзқараспен қарайтын болады. Бір-біріне қолдау көрсете, жұмыла іс істей отырып ортақ жетістікке жетіп, материалдық жағдайларын жақсарта алады.

Ал екінші кезең келесі айналып келгенде (отбасылық өмірдің 11-жылында) ерлі-зайыптылардың біреуі міндетті түрде құндылықтарын қайта қарап, өткен өмірін мұқият ой елегінен өтізеді. Соңында осыған дейінгі сіңірген еңбегім, жасаған құрбандықтарым заяға кетіпті деген ой түюі мүмкін. Мұның соңы он жылдық еңбектің шынында еш кетуіне, қарым-қатынасқа нүкте қойылуына әкеледі. Бұл жағдайды болдырмас үшін 11-жылда арақатынаспен жұмыс жасап, барынша абай болып, бір-бірін бағалауға тырысу керек.


№3 кезең

Ортақ мақсат, ортақ жоспар жолында екеуі де белсеніп еңбектенеді. Ата-ана болудың не екенін сезініп, бала алдындағы жауапкершіліктерін де абыроймен арқалауға барын салады.

3-кезең екінші айналып келгенде (отбасылық өмірдің 12-жылында) ортақ мақсаттарын қайта қарап, талқылау керек. Себебі, осыған дейінгі маңызды боп келген дүниелер, жоспарлар ендігі жерде ерлі-зайыптылардың біреуі үшін құндылығын жоюы әбден мүмкін. Осы тұста бір-бірінің жанына терең үңіліп, түсініскен, компромисске келіп, ортақ шешім таба алған жұптардық жұбайлық өмірі әрі қарай да бақытты жалғасын табатын болады.


№4 кезең

Екіжақты табыс тауып, отбасының материалдық жағдайына жан-жақтан пайда түсірген, аяғына нық тұрған кезең. Жоспарлары – үлкен үй салу, отбасылық кәсіп ашу сынды ауқымды. Тіпті жолы оңғарылғандар бұл жоспардың үдесінен осы жылы-ақ шығады. Ойларын жүзеге асырған соң бірге саяхаттауды, жақсы жерлерде демалуды ойластыра бастайды.

Кезеңнің қайталануында (отбасылық өмірдің 13-жылы) ерлі-зайыптылардың біреуі ендігі жерде материалдық құндылықтың соңынан жүгіруді доғаруға шешім қабылдайды. Оның орнын рухани әлемін, ішкі мазмұнды байытумен алмастырғысы келеді. Серігінің оны түсініп, еркіне көнгені дұрыс. Ең абзалы – екеуінің де рухани баю мен табыс табуды қатар алып жүруі және осы үшін бір-біріне көмектесуі.


№5 кезең

Отбасын басқаруға, қарым-қатынаста бастық болуға таласу кезеңі басталады. Ерлі-зайыптылардың арасында бәсекелестік, кім мықты екенін дәлелдеу орын алады. Бір жағынан жұбайының назарына, жоғары бағалауына ие болам деп тырысу да бар. Егер екеудің бірі сәл артқа шегініп, екіншісінің алға кетуіне не жоғары шығуына жол бермесе, жағдай қиындайды.

Екінші айналымда (отбасылық өмірдің 14-жылы) ерлі-зайыптылардың бірі әлдеқашан жеңіске жетіп, басқару тетігін өз қолына алған. Алайда осы сатысынан кішкене төмен түсіп, артта қалған екінші жартысына қолын созып, жанына жақындатып алғаны дұрыс.

№6 кезең

Шын мәніндегі құндылықтардың бағасын түсіну, жан жарымен тән ғана емес, жан жақындығының орнауы, терең түсіністік орнайды. Бұл кезеңде қолында барын өмірлік серігімен ғана бөліскісі, онымен көбірек уақыт өткізгісі келіп тұрады. Өмірлік мақсаттар, армандар, отбасылық жоспарлармен қатар, жұмыс мәселелерін де бірге талқылап, шешімді бірге табуы әбден мүмкін.

Кезең қайта айналып келгенде (отбасылық өмірдің 15-жылы) ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісіне шектен тыс қысым көрсетуінің салдарынан арақатынасқа сызат түсуі мүмкін. Мұндай қысым көбіне ер-азаматтар тарапынан болады. Отбасының тыныштығы, бірлігі, жарастығы үшін өзі де жауапты екенін мойындап, талаптары мен қысымдарын аздап шектеп ұстамаса, 15 жылдан соң да жолдары екіге айрылуы ғажап емес.


№7 кезең

Бұл уақытта ерлі-зайыптылар бір-бірінен аздап жалыға бастайды. Екінші жартысынан көрі өзі, өз ішкі әлемі қызығырақ көрінеді. Көбіне жалғыз, оңаша болуды қалап тұрады. Бұл – өтпелі кезең. Бір-біріне түсіністікпен қарап, біршама бостандық берсе, әркім өз сүйікті ісімен, шығармашылықпен айналысып жанын тыныштандырса, өзін жақсы жаққа қарай өзгертіп, қарым-қатынасқа жаңаша бояулар қосу жолында жұмыс жасаса, бәрі қайта қалпына келеді.

Отбасылық өмірдің 16-жылында да ерлі-зайыптылар бір-бірінен қайта жалығып, бөлек тұрғысы келуі мүмкін. Тағы да құтқаратын – сенім, еркіндік беру, жаңаша жарқын бояулар.


№8 кезең

Дос-туыстармен, әріптестермен тығыз араласатын, той-томалақтың көбейетін уақыты. Бұл кезеңде ерлі-зайыптылар өздерінің жақсы қарым-қатынасын, отбасылық бақытын жұртқа жария етіп жүргісі келеді. Ері әйелін жарқыратып жанына ертіп жүрсе, әйелі күйеуін мақтап-мадақтап отырады.

Кезеңнің қайталануында (отбасылық өмірдің 17-жылы) арада аздаған түсініспеушілік, конфликт туындауы мүмкін.


№9 кезең

Рухани әлем, сезім, интеллектуалды деңгей – барлық жағынан толықтай үйлесім орнаған уақыт. Ерлі-зайыптылар бір-бірінің ойын көзінен оқи алады, қалауын айтқызбай түсінеді.

Кезең екінші айналып келгенде (отбасылық өмірдің 18-жылы) жұбайлардың біреуі үшін қүндылықтар пен қағидалар өзгеруі әбден мүмкін. Екіншісі мұндай өзгеріске дайын болмаса, арада көптеген конфликтер туындайды. Сондықтан, қандай өзгерістерге болмасын дайын жүріп, бір жағдай орын алғанда алдымен түсінуге, ортақ мәмілеге келуге тырысу қажет.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗДАР арасындағы АСПАЗДАР САЙЫСЫ: ең дәмді әзірлейтін кім?