СІЗДІҢ ҮЙдің ДИЗАЙНЫ қандай болуы керек?

0
2 974

Меншікті мекеніңіз жанға жайлылық, миға тыныштық, бойға қуат сыйлауы үшін қандай болуға тиіс?


СІЗДІҢ ҮЙдің ДИЗАЙНЫ қандай болуы керек?

Үй – кез келген адамның жеке шекарасы, қорғаны екені белгілі. Осы қорғанының жайлы да жылы, көңілді көтеретін, бойға қуат бітіретіндей болуы маңызды. Сіздің үйіңіз не бөлмеңіз сондай ма? Ондай болмаса, дизайнын қайта қарап, жұлдызшылар кеңесіне құлақ түре отырып, өзіңізге жайлы болатындай өзгерістер жасап көріңіз.


Тоқты

Қызыл түске басымдық беріңіз. Қарқындылықты жақсы көретін «от» болып лапылдауды, «шоқ» болып қыздыруды жақсы көретіндіктен, оларға қызыл түс жақын. Бір қабырғаны тұтас жарқын қызыл түспен бояп тастаса да артықтық етпейді. Диванның, жапқыштардың немесе басқа жиһаздардың қызылдың сан түрлі реңктерінен болуы да жанын жайландыра алады.


Торпақ

Сезімтал белгі иелері үшін жайлылық пен ыңғайлылық бірінші орында. Ыңғайлы кереует пен мамық жастық – жанына тыныштық, бойына қуат сыйлайды. Сондықтан, әсіресе, жатын бөлмені өзіңізге ұнайтын сүйікті жастықшалармен толықтырып тұрған артық болмас. Қалың, жұмсақ жамылғы да сіз үшін ең қажеттілердің бірі. Түске кел генде қоңыр және жасыл реңктерге басымдық беріңіз.


Егіздер

Аралас стиль Егіздерге ұнап қана қоймайды, іске асырса, керемет жаңа дүние туындата алады. Ал, бір ғана стильде безендірілген үй көрінісінен зерігіп, тез жалығады. Ал, бөлменің бір қабырғасына абстактылы картина ілініп тұрса, бір бұрышынан классикалық үлгідегі жиһаз қылаң берсе, еденде шығыстық үлгідегі кілем төселсе және ең бастысы – осының бәрі өзара айрықша үйлесім тауып тұрса, Егіздер үшін жұмақ мекенмен тең болмақ.


Шаян

Теңіз түсі, жағажайлық құм текстурасы, бақалшықтардан жасалған салпыншақ, кеме, суасты тіршілік иелерінің суреттері – бұлардың кез келгені, жалпы теңізге, суға қатыстының бәрі Шаянға анық ұнайды. Әсіресе, үйдегі сүйікті бұрышы – ас бөдмесін осы үлгіде безендірсе, асы да дәмді, өмірі де мәнді болады.


Арыстан

Белгі иелерінің сән-салтанатты жақсы көретіні бұрыннан аян. Бұл жерде де өз табиғатынан аттап қайда барсын?! Ренессанс дәуірінен қалған бағалы бұйым, мәрмар шынысауыттар, алтын түстес өрнектер, жалт-жұлт еткен бағалы тастар мен металдар, тағысын тағылар үй иесінің мерейін өсіріп, көзін де, көңілін де тойдырып тұрады.


Бикеш

«Өз үйі – өлең төсегінде» тазалық пен ұқыптылықты басты орынға қояды. Қай бөлмені, қандай жиһазды болмасын өзара үйлестіру, ыңғайлы жағдай жасау қолынан келеді. Арзан деген жиһаздың өзін тақтап-реттеп бағалыға айналдыра алады.

Түстерге келгенде теңіз толқыны, сұр, ақ сияқты нейтралды түстерге басымдық беріп, қанық, жарқын бояулардан аздап араластырған ұнайды.


Таразы

Басынан аяғына дейін алдын-ала ойластырылған, қайда қарасаң да симметрия мен стиль айқын көрінетін үй – Таразының арманы. Бөлмедегі жиһаз, көрнекі бұйымдар, түс, төсеніш – барлығының үйлесім табуы олар үші маңызды. Қонақ бөлмені көк түс реңктері гаммасымен толтырып, дәстүрлі үлгідегі жиһаздар орнатса, белгі иелеріне одан асқан сән мен салтанаттың қажеті болмайды.


Сарышаян

Үй іші дизайнында қолданылған батыл идеялар мен жаңашылдықтар Сарышаянның шабыын шақырып, өмірге құштарлығын оятады. Мәселен, аппақ түсте безендірілген бөлмеде бір қабырғаның тұтастай толық қарамен боялуының белгі иелеріне ұнамауы мүмкін емес. Сән-салтанатты жақсы көретін Сарышаяндардың көңіліне барқыт пен мәрмар тоқтық сезімін сыйлайды.


Мерген

Саяхатты жанындай жақсы көретіндіктен, үй ішінде түрлі қала, көрнекті орындар, әлемнің табиғат кереметтері көрініс берсе, өзін жақсы сезінеді. Сондай-ақ, олар үшін жиі өзгерістер орын алып тұруға тиіс. Коллекция жинағанды да жақсы көреді. Сондықтан, біртектес көптеген бұйымдарын орналастыратын бос орын не қабырғаның болуы міндетті.


Тауешкі

Ата-бабасынан қалған антиквариат, ағаш пен теріден жасалған ұйымжарды жақсы көреді. Сондықтан, үй жиһаздарының да осы материалдан болғаны абзал. Интерьер түсінде қоңыр және басқа да бейтарап түстерге басымдық беріп, оларды жарқын бояулы картинамен, заманауи жиһазбен үйлестру де ұтымды нұсқа.


Суқұйғыш

Барлық нәрседе жеңілдік пен тазалықты, табиғилықты жақсы көреді. Үйге келгенде де солай, әлбетте. Ақ түсті қабырға, табиғиға ұқсас материалдан жаслаған бұйымдар, үлкен терезеден түскен күн сәулесі, ашық терезеден кірген таза ауа – Суқұйғыштар үшін осыдан артық байлықтың да, дүниенің де қажеті шамалы.


Балықтар

Балықтардың бақыт мекені тыныштық жайлаған, шығармашылықпен айналысуға, армандауға, медитация жасауға ештеңе кедергі келтірмейтін орын болуға тиіс. Сондай-ақ, кеңдік те аса маңызды. Теңіз, бөртегүл (сирень) түсі, жасыл сияқты жанға тыныштық сыйлайтын реңктермен көмкерілген қабырғалар, жібекпен қапталған жастықтар, үй ішіндегі аквариум немесе субұрқақ, терезеден көзге түсетін тұмса табиғат көрінісі – Балықтардың арманы.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ТЕКСЕРІП КӨР: Сүйгеніңізбен сөзіңіз жарасып, тағдырыңыз тоғыса ма?


ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасын НУМЕРОЛОГИЯ арқылы ЖАҚСАРТУға бола ма?