Жаңа жылды қайда, қалай қарсы алған дұрыс?

0
3 740

Бұл сұрақтың жауабын білуге жұлдызнама көмектеседі.


Жаңа жылды қайда, қалай қарсы алған дұрыс?

фото: npugacheva.com

2019 жылда жағдайыңыздың қандай болмағына оны қайда, қалай, кіммен қарсы алғаныңыз да әсер етеді. Ендеше, қалай еткен дұрыс? Жауабын білуге жұлдыз жорамал көмектеседі.


Тоқты

Жаңа жыл кешінде өз шаңырағыңызда, туыстар ортасынан табылыңыз. Немесе, достармен бас қоса отырып қарсы алуға болады. Тек, тыныш жерде, үйде. Мейрамхана, клубтардағы шулы кеш сіз үшін емес.


Торпақ

Жаңа жылды қарсы алуға қатты дайындалмаңыз. Әсіресе, артық шығындалудың қажеті жоқ. 31 желтоқсанның кешінен кейін де күн бар. Күніңіз не, бүтін өмір бар. Сол кезге де қаражат қалдырыңыз.


Егіздер

Жаңа жылды тойлауды 15 желтоқсаннан бастап, 15 қаңтарға дейін жалғасаңыз да сізге жарасады. Жағдайыңыз да көтереді. Сондықтан, 2019 жылды бар салтанатымен қарсы алудан тартынбаңыз. Есесіне, жыл бойы той-думанның бел ортасында шалқып-тасып жүретін боласыз.


Шаян

Өзін үнемі жалғыз сезініп жүретін Шаяндарды Жаңа жыл кешінде мұндай сезімнен жақындары мен достары құтқара алады. Сондықтан, олардың ортасында болуға барынша тырысыңыз. Ешқайда барғыңыз келмесе де, шақырған жерден қалмаңыз. Сағат тілі он екіні соққанда рөмкеңізді соғыстыратын ешкім таппай қалғаннан жаманы жоқ.


Арыстан

Иә, сіз кіріп келген жаңа жылды клуб-мейрамханаларда, шулы ортада қарсы алғанды жақсы көресіз. Мейлі, бұл жылы да сөйте беріңіз. Тек, жаныңызда бейтаныстар ғана емес, жақындарыңыздың да болуын қадағалаңыз. Бұл кеш жыл бойы араларыңыз алшақтамай, береке-бірлікте жүрулеріңізге әсер етеді.


Бикеш

Бикештер үшін жаңа жылдың басталуы — күнтізбедегі жыл санының ауысуы ғана. Күні бұрын дайындалып, шығындалып, естен тана тойлайтындарды түсінбейді, ондайды жаратпайды да.

Бұл пайым биылғы жылы сіз үшін дұрыс та болып тұр. Жұлдыздар осы демалыс күндерін пайдаланып жақсылап тынығып алуға, қыдыруға, уақыт жетпей жүрген жоспарларды жүзеге асыруға кеңес береді.


Оқи отырыңыз:

2019 жылда неден сақтануыңыз керек?


Таразы

Таразылар Жаңа жылдық мерекені шамасы келгенше керемет қылып өткізгенді ұнатады. Олар үшін «керемет» ол — шулы орта, ағыл-тегіл тамақ, суша құйылған ішімдік, бас айналғанша билеу... Бірақ... 1 желтоқсанның кешінде көзіңізді ашқанда аспанның айналып тұрғаны, оған қарап келетін «Мен қайдамын өзі?» деген сұрақ сізге ұнай ма? Ұнаса, мархабат! Ұнамаса, мерекені аяқ тарта тойлаңыз.


Сарышаян

Әрбір жаңа жылдың басталуы Сарышаяндар үшін жаңа өмірдің, жаңа үміт пен армандардың бастауы. Басқалар қалай дайындалса да, қалай қарсы алса да, өздері білсін. Сіз жаңа жыл жақындаған сайын қалам мен қойын кітапшаңызды да жақын жерде ұстаңыз. Келер жылға жоспар жасаңыз, армандарыңызды қағазға түсіріңіз. Тіпті, жан-жақтан отшашулар атылып, рөмкелер соғысып жатса да, ойға келе қалған арман не мақсатты жазып үлгеріңіз.


Мерген

Жаңа жылды қайда, қалай қарсы алсам екен деп әлі ойланып жүрсіз бе? Асығыңыз, Сіз ойланып жүргенде басқалар сіз үшін шешім шығарып қояды. Немесе, 31-желтоқсанның күндізгі уақытын да ойланумен өткізесіз. Ақырында 2019 жылды еш дайындықсыз, үн-түнсіз қарсы алуыңыз да мүмкін.


Тауешкі

Сіз үшін әр жаңа жылдың аяқталар тұсында жағдайды, жұмысты ауыстырған өте пайдалы. Сонда жаңа жылдың бастауымен бірге көңіл-күйіңіз де, өміріңіз де жақсы жаққа қарай өзгеріп шыға келеді.


Суқұйғыш

2018 жылдың желтоқсанының соңғы кешінде «Құйылсын! Ішілсін!» деп ұрандата беретін кештерден ұзақтау жүріңіз. Оның орнына әзілі жарасқан, жақсы лебіздермен көңілді жылытатын, тыныш та жайлы ортадан табылуға тырысыңыз. Немесе қонақтар үшін аранайы шоу-бағдарлама ұйымдастыратын сауық орындарында қарсы алған дұрыс.


Балықтар

«Жаңа жылды қайда, кіммен қарсы аламын?» деген сұраққа аса бас қатырмай-ақ қойыңыз. Кіммен, қайда, қалай қарсы алсаңыз да бәрібір, сіз үшін нағыз мереке, ғажайыптар кеші болып өткелі тұр.


Оқи отырыңыз:

2019 жылда неден сақтануыңыз керек?

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ