​Жігіттің қандай күйеу болатынын жұлдызына қарап біл!

0
3 158

Отбасын құру — маңызды қадам. Оның маңызын ұғына білген жан алдымен сүйген адамын «қандай күйеу, қандай әке болады?» деп толғанары сөзсіз. Бұл сұрақ қыздардың ғана емес, олардың ата-анасы, әпке-жеңгесі, жақындары — бәрінің көкейінде тұрады. Ендеше, көп бас қатырмай, жігіттің жұлдызнамасына көз жүгіртіп көрейік. Өйткені, оның қандай отағасы болатынын жұлдыз белгісіне қарап та болжауға болады.


​Жігіттің қандай күйеу болатынын жұлдызына қарап біл!

Отбасын құру — маңызды қадам. Оның маңызын ұғына білген жан алдымен сүйген адамын «қандай күйеу, қандай әке болады?» деп толғанары сөзсіз. Бұл сұрақ қыздардың ғана емес, олардың ата-анасы, әпке-жеңгесі, жақындары — бәрінің көкейінде тұрады. Ендеше, көп ойланып жатпай жігіттің жұлдызнамасына көз жүгіртіп көрейік. Өйткені, оның қандай отағасы болатынын жұлдыз белгісіне қарап та болжауға болатынын айтады астрологтар.


Тоқты

Тоқты — өзіне сенімді, ішкі «мені» мығым тұлға. Ешкімге тәуелсіз, нағыз ерлерше мықты қорған әрі тірек бола біледі. Алайда, табиғаттан берілген көрсеқызарлығы мен әр нәрсеге әуесқойлығына көз жұма қарауыңыз керек.

Әркімге еліккіш Тоқтыға ұнау — оңай, ұстап тұру — қиын. Ол қадамдарын қоғамда қалыптасқан «дұрыс-бұрыстық» қағидаларына салып сараптамайды. Өз дегенін жасайды. Сондықтан, өміріңіздің соңына дейін таңдағаныңызбен бірге болғыңыз келсе, еркіндігін шектемеген дұрыс. Мұны ол бағалайды, нәтижесінде, сіздің де бағаңыз арта түседі. Ал, әке ретінде балаларына үлгі бола біледі.


Торпақ

Олар — отбасындағы тыныштық пен жайлылықты аса жоғары бағалайтын жандар. Жүрегі жұмсақ, мейірімділігіне қарап, бар айтқаныма көне береді деп ойламаңыз. Отбасылық мәселелерге келгенде, кертартпа мінезі ұстап қалады да, «ердің орны мынадай, әйелдің орны мынадай» деген қағидадан танбайды. Сондықтан, сізге де халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлерін сақтауға дайын болуды ескертеміз.

Кейде сабырлылығы селқостыққа ұласып кетуі мүмкін. Сондайда күйеуіңізге күш беріп, жігерлендіре алатындай айлаңыз болуға тиіс.


Егіздер

Сезімнен бұрын санаға жүгінетін жандар. Махаббатта да солай. Олардың әр әрекеті алдын-ала ойластырылған. Сондықтан, сақ болыңыз! Алдымен, сезімінің шынайы екеніне көз жеткізіп алыңыз.

Ал көзіңіз жетіп, тұрмысқа шықтыңыз екен, ендеше оның бір орында тұрмайтынына, өмір салтын жиі өзгертетініне төзуге тиіссіз. Олар өзгелер не ойлап жатыр деп бас қатырмайды, өз ойымен әлек. Сондықтан, ішімдегіні тап томсыраймағаныңыз жөн. Ойыңызды ашық жеткізіп, ортақ мәмілеге келу — отбасы беріктігінің кепілі.


Шаян

Өте әсершіл, барлық нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Ішкі сезімін де өзгелерге сеніп тапсыруы, ашып айтуы қиын. Дау-дамайды ұнатпайды, мүмкін болса, мәселені ұрыс-жанжалсыз шешу жолына жүгінеді. Осындай адамның отбасында үнемі тыныштық пен жайлы атмосфера орнап тұрады.

Өмірлік жарының да мінезі жұмсақ болғанын қалайды. Қалауынан шыға білсеңіз, жанұясына жайлы өмір сыйлауға барын салады.


Арыстан

Оның өзін-өзі қатты жақсы көретінін байқаған боларсыз, ә?! Арыстандар өздерін көшбасшы, алдыңғы қатардағы адам сезінеді. Бойында тасып тұрған күш-қуаты үнемі алға жылжуға, ешқашан бос сенделмеуге итермелеп тұрады. Иелік ету, бұйрық беру, басқару — Арыстандардың негізгі әрекеттері. Егер әйелі осы өктемдігіне шыдап, абыройына нұқсан келтірмей, құрметтеп жүрсе, отбасында тәртіп пен тұрақтылық, дәулет орната алады.


Бикеш

Бикештер өмірге ғана емес, отбасына да объективті, айқын көзқараспен қарайды. Еңбекқор, ұстамды, парасатты, жауапкершілігі жоғары. Отбасына қатысты да солай. Жанұядағы ердің басымдығын әйел қолына беруге үзілді-кесілді қарсы.

Бір кемшілігі, балаларын жақсы көргенімен, оларға махаббатын көрсете бермейді.


Таразы

Сыпайы, әдепті Таразылар өздері жайлы жақсы көзқарас қалыптастыра алады. Жалғыздықты жаны сүймейді, сондықтан, үнемі айналасындағы адамдармен тіл табысудың жолын іздеп жүреді. Бұл қасиеті отбасылық өмірде көп көмегін тигізеді.

Мұндай жанның жары болу үшін бойыңызда асқан қонақжайлылық, ашық-жарқын болу сынды қасиеттер болуы тиіс.


Сарышаян

Олар адам тани біледі, бірақ, өз сырын өзгелерге алдырмайды. Тек өз пікірімен жүретін ерік-жігері мықты жан. Онымен жақын қарым-қатынаста болу үшін алдымен сеніміне мықтап кіруге тиіссіз. Сонда ол да сізге тиісті жауап қайтарып, өміріңіздің соңына дейін сенімді серік, мықты тірек бола алады.


Мерген

Әр нәрсеге әуес, тұрақсыз жандар. Бастапқыда өзінің тамаша отбасын құратынына, мінсіз отағасы болатынына сенімді болады. Бірақ, шынайы өмірде оны дәлелдей алмай жатады. Десе де, не болса соған сағы сынбай, оптимистік көзқарасының арқасында қиындықтан шыға білетін қасиеті алға жетелейді. «Жеке кеңістік», «оңаша қалу» ұғымдарын қатты қадірлейді. Сондықтан жеке кеңістігіне қол сұққанды, оңашадағы өзімен-өзі қалған қалпын бұзғанды жаратпайды. Бұл — жарына қояр негізгі талаптарының бірі болмақ.


Тауешкі

Дұрыс деп саналатын қағидалардан айнымай өмір сүру тән. Отбасында да дәстүрдің сақталуы, тәртіптің бұзылмауы маңызды. Жанұя істеріне жауапкершілікпен қарайды. Оның отбасында тек патриархалдық құрылым үстемдік етпек.


Суқұйғыш

Белсенділігінің арқасында Суқұйғыш отбасының басқарушысы дәрежесін оңай игеріп кетеді. Жанұя құруда сүйіспеншілік пен сезімге сүйенеді. Өзінің ғана емес, жарының да, балаларының да жалқауланбай, үнемі қозғалыс үстінде жүргенін, еңбекқор болғанын қалайды.


Балықтар

Ерекше сезімталдық пен әсершілдікке ие Балықтардың көңіл-күйі құбылмалы. Соған аздап төзсеңіз, жалпы, керек кезінде қолдау білдіре алатын адам. Мінезі жұмсақ, сондықтан онымен қарым-қатынас аса қиынға соқпайды.

Жиі-жиі жан сырыңызды ашып, оны да тыңдап, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектесуге тырысыңыз. Сонда елгезек, жарын жанындай жақсы көретін, түсінігі мол күйеуге айналады.