​ЖСН нөміріңіз Сіз жайлы не айтады?

0
8 350


​ЖСН нөміріңіз Сіз жайлы не айтады?

Біздің өмірімізге ешбір сан жайдан-жай енбейді. Айталық, өмір бойғы жан серігіңізге айналатын ЖСН нөмірін алайықшы. Оның өзі туған күн, ай, жылыңыздан басталады емес пе? Ал нумерология ғылымында көбіне адамның туған күні даталары негізге алынатыны белгілі. Ол аз десеңіз, соңғы алты сан да бекерден-бекер тұрған жоқ. Оның да өз сыры, Сіз жайлы айтары бар.

Ендеше, дәл қазір ЖСН нөміріңіздегі сандарды бір-біріне қосып, бір таңбалы сан шығарып көріңізші. Мәселен,

9+0+1+1+1+7+4+0+0+2+6+4=35,3+5=7

Яғни, жоғарыда көрсетілген ЖСН нөмірі иесінің нумерологиялық саны – 7. Сіздікі қанша шықты?


1 – көшбасшылық қасиеті бар. Нумерологиялық саны «1» шыққан жандар кезк елген ұжымды басқарып кете алады. Жеке кәсіп бастаса да, тасы өрге домалап, табысты әрі беделді тұлғаға айналады.

2 – бойында ұжымдық энергетика басым. Сондықтан, көпшілікпен, топ болып жасаған жұмысы өнімдірек болады. «Жалғыздық үні шықпас» деген сөз діл осы «екілік» иелеріне арналғандай.

3 – нумерологиялық саны «үштік» болған жандардың бойында талант тұнып тұр. шығармашылығын шыңдауға көп мін берсе, биіктерді бағындырады. Сонымен қатар, қоғамдық қызмет, көпшілік алдында атқарылатын шаруалардың басы-қасында жүрсе де, абырой-беделі биіктей түседі.

4 – тұла бойы еңбекқорлық және жоғары жауапкершілік энергетикасына тұнып тұр. «4» саны оларды жалқаулықтан, уақытын тиімсіз пайдаланып, ресурстарын құр босқа шашудан қорғайды.

5 – өзін жоғары бағалайтын, біркелкі өмірден тез жалығып, жиі өзгерісті қалайтын жандар. Соған сәйкес, мамандығын, қызмет орнын, мекенжайын жиі өзгертіп тұрады.

6 – аса ұқыпты, уақытпен санасатын, ешқашан кешікпейтін, артылған жауапкершілікті абыроймен арқалай алатын тұлға. Әділетсіздікпен күресіп, әлсіздерге болысуды өзіне борыш санайды.

7 – өзгелерден ерек, өз әлемі бар жандар. Оңаша отырып ойланғанды, жалғыздықта шығармашылықпен айналысқанды жаны сүйеді.

8 – бұл сан өз иесіне материалдық құндылықтарды тартады. ЖСН нөмірінің қорытындысы 8 болған кісілер ешқашан ақшадан тарықпайды.

9 – қайырымдылықпен көп аналысады. Біреудің жолында өзін құрбан етуден аянбайды. Өте төзімді. Рухани құндылықтарды жоғары бағалайды.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әйелдердің «БІРТҮРЛІ» әдеттері