Жұлдызнама-2019: Мамыр айында кімдердің ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ?

0
2 038


Жұлдызнама-2019: Мамыр айында кімдердің ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ?


Тоқты

Мамырда Сізді саяхат не іссапар, жаңа таныстықтар мен келіссөздер күтіп тұр. Осындай қарбалас шаруалар арасында өмірлік серігіңізді не жақын дос табасыз. Басшылықпен қызметіңізді не еңбекақыны көтеру жайлы сөйлесіп көріңіз. Көп жұмысты атқарасыз, міндеттердің басым көпшілігі Сізге артылған, әр ісіңізге жауапкершілікпен қарап, сапалы атқарып жүрсіз, мұндай талап қоюға толықтай хақыңыз бар. Талап-тілегіңізді сауатты әрі орнымен жеткізе алсаңыз, қалауыңыздың орындалу мүмкіндігі басым.


Торпақ

Астрологтар Торпақтарға мамыр айында туыстарына, отбасына мейлінше жақын болуға кеңес береді. Олардың хал-жағдайын жиі сұрап, өзіңізден кішілер мен ұл-қызыңыздың тәрбиесіне баса мән беріңіз. Жеке өміріңізді, сүйіктіңізбен қарым-қатынасты да қолға алып, сезімдерді қайта жаңғыртып қойған артық емес. Ай соңында теңіз жағасындағы не жат жердегі жанға жайлы демалыс күтіп тұр. Ол кезде де жақындарыңызды жадыңыздан шығармай, жаныңызға ерте жүргеніңіз абзал.


Егіздер

Ай басында жұмысқа деген ерекше ынтаңыз оянады. Аннан да, мұннан да тапсырыс іздеп, жарнама жасауға кірісесіз. Бұл әрекетіңіз толықтай құптарлық. Тек, шектен шығып кетпеген дұрыс. Әйтпесе, бұйырмағанды аламын деп жүріп, бұйырып тұрғаннан не қолда бардан айрылып қалуыңыз мүмкін. Материалдық жағдайыңыз да кісі қызығарлықтай. Көзін тауып, жаңа жобаларды іске асыра алғандарға ақша өздігінен құйылып келетін болады. Қомақты соманы жаңа кәсіпке не сенімді серіктестің ісіне құйып, инвестиция жасауға болады.


Шаян

Жұлдызшылар мамыр айында маңызды келісімшарттарға, құжаттарға қол қоюда аса сақ болуды ескертеді. Достарыңыз ұсынған жаңа жобаларға да салым салмаңыз. Бұл айда алаяқтардың азуы мен араны Сізге бағытталған. Өзге түгіл, өзіңізге күмәнмен қарап, әр ісіңізді қайта-қайта тексеріп тұрсаңыз да артық емес. Шығармашылықпен айналысатын Шаяндардың шабыты шарықтайтын шақ келе жатыр. Көптен келе жатқан көңілсіздікке мезгілдік жайсыздық деп қарамай, онымен күресуді бастаңыз. Әйтпесе, соңы сырқатқа ұласып кетуі мүмкін.


Арыстан

Бұл айда жеке мәселелермен де, қызмет бабына қатысты да сапарлар көп. Есесіне, жол үстінде жүріп, отбасы, алдағы жоспарлар жайлы көп нәрсені тереңірек ой елегінен тағы бір өткізуге мүмкіндік те мол. Қаржылық және тұрмыстық біршама мәселелер шығады. Олардың барлығын жеке өзіңіз реттеуге тура келеді. Әйткенмен, қандай қиын іс болса да, өзіңізге деген сенімділіктің арқасында орңай шешіп тастайсыз. Ай бойында өзіңіз жайлы да ұмытпаңыз, көбірек тынығу, тыныш ұйқы мен дұрыс тамақтану бойыңызды күш-қуатқа, өмір сүруге деген құлшынысқа толтырады.


Бикеш

Әдеттегі супер-белсенділік пен бастамашылдығыңыздан бұл айда да танбаңыз. Қаржы мен қызметке қатысты барлық істе аса мұқият болыңыз. Қолыңыздағы жобадан айрылып қалғыңыз келмесе, идеяларыңызды ешкіммен бөліспеңіз. Жаңа ұсыныстардың артық-кем тұстарын егжей-тегжейлі зерделеп барып қабылдаңыз. Қызметтегі басшы рөлін жұмыс орнында қалдырып, жеке өмірде жарыңызға жұмсағырақ болыңыз.


Таразы

Бұл айда бос іспен уақыт өткізбей, бар энергияңызды маңызды шаруаларға жұмсасаңыз, ойлағандарыңыз еселеп орындалады. Кәсібіңіздің көркейетін, серіктестердің сенім білдіретін, ал ақшаның Сізге қарай құйылатын сәті келді. Жаңа жобалар мен келіссөздерге еш күмәнсіз қол қоя беруге болады. Әсіресе, ірі копанияның басшысы болсаңыз. Ал, қатардағы қызметкер Таразыларға бұл айда білімін жетілдіру, өзін дамыту, әріптестеріне қолынан не келетінін дәлелдеу жолында еңбектенуге тура келеді.


Сарышаян

Бұл айда шыдамдылық, ыждағаттылық және өзіңізге деген сенімділік таныта білсеңіз, кез келген мақсатыңызға қол жеткізесіз. Жұмыс орнында өз міндеттеріңізді өзіңізден лауазымы кіші әріптестерге тапсыру абырой да әпермейді, жетістікке де жеткізбейді. Сондықтан, өз ісіңізді өзіңіз атқарыңыз. Сонда ғана басшылықтың ілтипаты мен марапатына бөленіп, сыйақы иеленуіңіз мүмкін. Ең бастысы, табыс табудың жеңіл де заңсыз жолдарына жүгіну жайлы айтып, жолдан тайдырушылардың сөзіне ермесеңіз болғаны.


Мерген

Мамыр айында ең басты назар аударуға тиіс нәрселер – денсаулық пен сырт келбет күтімі. Сараптамалар тапсырып, толықтай медициналық тексеруден өту артық болмайды. Осылайша аурудың алдын алған немесе асқынбай тұрып емдеген өзіңізге пайдалы екені анық. Астрологтар дәрігердің ғана емес, косметолог, стилист, шаштараз сынды мамандардың да алдынан өтіңіз. Материалдық жағынан қиналып жатсаңыз, дос-туыстарыңыздан көмек сұраңыз. Олар жәрдем сұраған кездерде Сіз де аянып қалған жоқ болатынсыз.


Тауешкі

Бұл айда өзіңізге деген махаббатыңыз еркше артып, сырт келбетіңізге, күтімге көп мән бере бастайсыз. Мұны айналаңыздағы адамдар да байқап, мақтау сөздерін арнайтын болады. Бірақ, астрологтар тек сыртқы келбетіңізге қарамай, ішкі әлеміңізді де байыту жолында еңбектенуге кеңес береді. Жаңа іс бастап не жұмыс орнын ауыстырып жатсаңыз, өзіңізді тым сенімді әрі бағыт-бағдарсыз, қағидасыз жан ретінде ұстамаңыз. Ол тек зиянын тигізеді.


Суқұйғыш

Сүйікті ісіңізді қолға алмағалы біраз болыпты. Мамырда осы жағына көбірек мән беріп, қолөнермен, кулинариямен айналысыңыз. Тіпті болмағанда, үй, бақша шаруаларымен айналысуды арттырыңыз. Бұл айда материалдық жағдайыңыз біршама артады. Бірақ, ақшаның сіз үшін бағасын аздап болса да төмендетіп, дүниеге деген құмарлығыңызды шектегеніңіз абзал. Сонда өмірлік серігіңізбен араңыздағы түсініспеушіліктер де жойылады. Олай етпеген жағдайда соңы үлкен мәселеге ұласуы әбден мүмкін. Алдын алып, ортақ тіл табысуға асығыңыз.


Балықтар

Мамырда өзіне деген махаббаты ең жоғары шкаласына жететін жұлдыздардың тағы бірі – балықтар. Артық салмақтан арылу үшін спортқа ден қойып, өзін жасарту, саяхатқа шығып, тұлғалық даму жолына түседі. Бір жақсысы, бұл айда осындай тілектерінің барлығы дерлік сәтімен орындалып отырады. Онымен қоймай, қаржылық жағдайы да айтарлықтай жақсарады. Тек астрологтар осы айда тәуекелге бас тікпеуге, сенімсіз істерге кіріспеуге кеңес береді. Мұндай әрекеттердің соңы күреулі мәселеге ұласуы бек мүмкін.


Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

дереккөз: moon-today.comө