Жұлдызнама: Сізге қандай кеңсе құралын қолдану қажет?

0
4 022

Бұлар сіздің мінезіңізге сай келеді.


Жұлдызнама: Сізге қандай кеңсе құралын қолдану қажет?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кеңсе – кез келген іскер адамның рахат табатын орны. Ол тіпті кішкентай кезден басталып, бала шақта әртүрлі құралдарды жақсы көретініміз жалған емес. Сонымен, сізге жұлдызнама белгісі бойынша қандай жабдық сай келетінін біле жүріңіз.


Тоқты

Қызыл қаламсап


Ол бірден көзге түседі, қателіктерді аяусыз түзейді және сынға жол бермейді. Бұл тоқты туралы ма, әлде қызыл қалам туралы ма, оны жан дүниеңізбен анықтап алыңыз. Және бір нәрсені есте сақтаңыз – сіздің мінезіңізді ашатын құрал қызыл қаламсап.


Торпақ

Қара қарындаш

Бұл барлық жерде қажет болатын құрал. Оның көмегімен ғажап өнер туындылары жасалады, ол қателіктерден сақтандыра алады және т.б. Торпақтар да сол сияқты әмбебап адамдар.


Егіздер

Қыстырғыш

Олар барлық жерде қолданылатын қарапайым әрі өте қажет жабдық. Сондықтан да қыстырғыш кез келген жерде байланыс жасай алатын егіздерге тән.


Шаян

Ақтағыш

Бұл кез-келген өрескел қатені түзете алатындарға тән құрал. Дегенмен, мұндай әрекет тәуекелді қажет етеді.


Арыстан

Кеңсе пышағы

Қуатты Арыстандарға осындай өткір құрал сай келеді. Бұл суық қаруға ұқсас болғанымен, өнерде қажетті көпфункционалды жабдық.


Бикеш

Өшіргіш

Ол басқалардың қателіктеріне шыдамайды, тіпті "қағаздың артық қабатын алып тастап", қатені түзетуге де дайын. Олар өз мақсатына міндетті түрде жетеді.


Таразы

Мәтін бөлгіш

Олар маңызды нәрсеге назар аударғанды ұнатады. Ешқашан артық жұмыс жасамайды және өте ұтымды. Сондай-ақ, ерекшелігімен есте қалады.


Сарышаян

«Cкотч»

Бұл да көптеген жерде көмекке дайын құрал. Тек қана жақсылық жасайды. Сонымен қоса, байланыстыруға шебер.


Мерген

Көк қалам

Әмбебап, өте белсенді және барлық жерде ън табылады. Үнемі жұмыс істейді және ешқашан шаршамайды. Бірақ, қателік жіберсе, түзейтіндер бар екенін ескерген жөн.


Тауешкі

Сызғыш

Тауешкілер қарапайым және бәрін өз идеясымен істегенді ұнатады. Сондай-ақ, біреудің ықпалымен керемет істер атқара алады. Бірақ, оны қатты июге тырыссаңыз, өкініп қалуыңыз мүмкін.


Суқұйғыш

Фломастер

Жарқын, бірақ бір нәрсені тез бүлдіріп алуы мүмкін. Дегенмен, шығармашылыққа өте жақын және ізденімпаз.


Балықтар

Қойындәптер


Балықтар әрқашан жаңа идеялардың қоры. Олар өздерінің қызықты ойлары мен идеяларын жоғалтып алмас үшін қойындәптер қажет болады.

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ИПОТЕКАҒА ЖОЛАМАҢЫЗ: Кімдерге НЕСИЕ алуға болмайды

Саусақтағы таңба Сіз жайлы не дейді?