​11 жастағы бала сенсация тудырды

0
2 064

11 жастағы нигериялық бала Варис Карим суреттен сенсация тудырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​11 жастағы бала сенсация тудырды

11 жастағы нигериялық бала Варис Карим суреттен сенсация тудырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Нигерияның Логос елді-мекенінде тұрады. Оның толқынды суреттері қайталанбайтын бірегей шығармалардың қатарына жатқызылады. Лагостың кедей ауданындағы шеберханада көркемөнердің нағыз туындылары дүниеге келіп жатыр. Варис 6 жасынан бастап сурет салуды үйренді. Ал 8 жасында ол нағыз көркемөнер туындыларын салып, Нигерияның білікті суретшілерінің қатарына енді. Ол өзінің суреттерінің жанрын «гиперреализм» деп атады. Оның туындыларындағы титтей нәрсе де назарыңды аудартады.

«Мен картиналардағы көркем жұмыстарға мән беремін, гиперреализм жанрында жұмыс істеу үшін үлкен шыдамдылық, төзімділік қажет", - дейді Варис Карим.

Оның жұмыстарындағы эстетика басты назарда. Сондай-ақ суреттерден терең мағынаны байқайсың. Ол күн сайын жаттығуда. Оның "Күнделікті нан" атты жұмысы басқаларға үлкен үлгі береді.
«Бұған шабыт бергені – менің қоғамымдағы ақшалылар. Олар бәрімен күреседі және терлеп-тепшіп өзі үшін ішіп-жейді" - дейді ол.

Варис білікті суретші болғанымен, ол күні бүгінге дейін кедей шеберханада тұрмыс кешіп жатыр. Сурет академиясына айналған жалпы білім беру өнерінің түлегі Адели Варистің де шығармашылық қабілетін шыңдауға кеңес беріп оқытып жүр. Оның айтуынша, Варис өзін талантты санайтын оқушыларының бірі.

«Ол біздің ойлағанымыздан да биік көтерілуі мүмкін. Да Винчи дәрежесіндей", - дейді Адели.

Варис дүние жүзіне танымал әйгілі суретші болуды армандайды. Оның картиналары халықаралық музейлерде тұрғанын қалайды. Тап қазір ол арман болғанымен, 11 жасар данышпан әр қадамын дұрыс жасауға талпынуда.