Алинежадтың айтуынша, ислам заңы бойынша Иранда 13 жасар қызға үйленуге рұқсат етілген, бірақ оларға той көйлегін таңдауға рұқсат берілмеген.
ERNUR.KZ. Иранда 13 жасар қыздың үйлену тойы түсірілген видеоны жергілікті журналист Масих Алинежад Twitter-дегі парақшасына жүктеп, жан тебірентерлік жазба жариялады. Оның бұл жазбасын мыңдаған адам бөлісіп, балалықпен әлі қоштасып үлгермеген қызға өз аяушылықтарын білдірген, деп жазады Zakon.kz.
Ұзатылып жатқан қыз Иранның Бойер Ахмад провинциясына қарасты Бахмай ауылының тумасы.
Видеода жеткіншек қыздың үлкен ер адамға тұрмысқа беріліп жатқаны бейнеленген. Онда қыздың ата-анасы да бой көрсетеді. Желіні қолданушылардың көбісін қыз баланың ата-анасының мұңсыз-қамсыз күйі де ашуға тиген.
"Сөзім жоқ", "Қарғыс атсын, мына қызды бұл тозақтан алып шыққым келеді", "Ол әлі бала ғой", "Ата-аналар бұл зорлық-зомбылыққа қалай жол бере алады? Байқұс бала. Жүрегің ауырады екен қарап отырып", - деп жазды желі қолданушылары.
Алинежадтың айтуынша, ислам заңы бойынша Иранда 13 жасар қызға үйленуге рұқсат етілген, бірақ оларға той көйлегін таңдауға рұқсат берілмеген.
This a wedding party for girl who is under 13 years old. I cried when I received this video from
— Masih Alinejad
Bahmai County which is a county in Kohgiluyeh and Boyer-Ahmad Province in Iran. Under Islamic laws 13 year old girl can marry but cannot chose her dress code. pic.twitter.com/gqIQZDUcju