130 жылдан кейін мемлекет басқаратын әйелдер мен ер адамдар саны теңеседі

0
2 498

​Қазір 22 елде әйелдер мемлекет немесе үкімет басшысы қызметін атқарып жатыр.


130 жылдан кейін мемлекет басқаратын әйелдер мен ер адамдар саны теңеседі

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Мемлекет пен үкімет басшылығындағы әйелдер мен ерлердің саны шамамен 130 жылдан теңеседі. БҰҰ осындай болжамын жасады, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі басшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло мәлімдеді.

Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір 22 елде әйелдер мемлекет немесе үкімет басшысы қызметін атқарып жатқанын жариялаған еді. Оның мәліметінше, министрлердің тек 21%, депутаттардың 25% әйелдер екен. ДиКарло БҰҰ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша үлгі көрсетуі керек екенін айтты. Гутерреш ұйымның арнайы саяси миссияларындағы басшылық лауазымдардың 57%-дан астамына әйелдерді тағайындаған.


«Біз БҰҰ жетекшілігімен өтіп жатқан бейбіт процестерге әйелдердің қатысуын қолдаймыз», – деді ДиКарло.