14 әскери адам отырған ұшақ жоғалып кетті

0
1 205

Ресейлік әскери қызметкерлердің тағдыры не болғаны белгісіз


14 әскери адам отырған  ұшақ жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ішінде 14 әскери қызметкер отырған ресейлік Ил-20 ұшағы Жерорта теңізі үстінде жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ил-20 ұшағы сириялық Латакия провинциясында Израильдің F-16 жойғыш ұшағының шабуылдауы кезінде жоғалып кетті. Ресейлік әскери қызметкерлердің тағдыры не болғаны белгісіз.

«17 қыркүйек күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 23:00-де Ил-20 ресейлік әскери ұшағы Жерорта теңізіндегі су айдынында орналасқан Хмеймим әуебазасына оралуы барысында жоғалып кетті», - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі сол уақытта сол ауданда франциялық «Овернь» («Auvergne») әскери кемесі зымырандар ұшырғанын хабарлады. ,

Ил-20 – радиоэлектронды іздеу және радиоэлектронды күрес ұшағы.