17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды

0
786

17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды.


17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды

ERNUR.KZ. Бішкекте 17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды, деп жазады ktk.kz.

Апат Шыңғыс Айтматов даңғылында болды – Skoda көлігі мен №8 жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жеңіл автокөліктегі төрт бозбала көз жұмды. Жеті адам жарақат алды, оның ішінде жеңіл көлікте отырған қыз бар.

Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, 17 жастағы бозбала тізгіндеген Skoda жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 30 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан автобуспен соқтығысқан. 17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қыз ауруханаға жатқызылды.Қоғамдық көліктің жүргізушісі, сонымен қатар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы "Жол қозғалысы қауіпсіздігі және автокөлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.