Бойжеткен пәктігін сатып тапқан ақшасына ата-анасының ипотекаға алған үйі мен өз оқуының ақысын төлемек
ERNUR.KZ. Аустралияда 18 жастағы қыз интернет-аукционға өз пәктігін қойды. Ол осылайша ақша тауып, ата-анасының ипотекасы мен өз оқуының ақшасын төлемек, деп жазады stan.kz.
Сиднейде тұратын бойжеткенні сөзінше, ол жаңалықтардан пәктігін сатқан қыздар туралы оқып, осындай ойға келген.
«Маған тез арада қаржылай көмек керек», – дейді ол.
Өз сөзінде бойжеткен пәктігін сатып тапқан ақшасын ата-анасының ипотекаға алған үйі мен өзінің Сиднейдің Технологиялық университетіндегі оқуының ақысын төлеуге жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар ол автокөлік пен оқулықтар сатып алмақ. Десе де сиднейлік бойжеткен ақшаны қайдан алғанын ата-анасынан жасырып қалғысы келеді.
«Жұмыс тапқанымды айтамын», – дейді ол.
Басылым мәліметінше, бойжеткен бұған дейін пәктігін сатып, қомақты ақша тапқан бразилиялық қыздың көмегіне жүгінген. Өз кезегінде бразилиялық студент оған кеңес беріп, көмегін аямапты. Осылайша, өзіне сайт ашып, Сиена Пейтон лақап атын таңдаған. Сиена өз сайтында үміткердің жасы мен түріне назар аудармайтынын жазған.
«Мен ақылды, құрметті ерлерге қызығамын. Әйелдерге қамқор болатын, оларға қошемет сөздерін айтып, не керегін білетін ерлерді ұнатамын», – деп жазған Пейтон.
Сонымен қатар бойжеткен өзімен төсектес болғысы келетін ер адамға пәктігі туралы анықтаманы көрсететінін және қажет болған жағдайда оның алдында дәрігерге тексеріліп, пәктігін растататынын айтады. Сондай-ақ аукционда жеңген үміткер бойжеткенмен бірге мейманханада 12 сағат бойы көңіл көтере алады.
Өз кезегінде Сиена Пейтон пәктігі үшін 100 мың аустралиялық доллар (26 млн теңгеден аса) талап етпек.