Биліктің не себепті мұндай шешім қабылдағаны белгісіз.
ERNUR.KZ. Түрікменстан билігі Доңыз жылын тойлауға тыйым салды, деп жазады qamshy.kz.
Қаланы Жаңа жылға безендірулер барысында доңызға қатысты бір де бір бейнені қолдануға тыйым салды. Сонымен қатар, доңыз бейнесіндегі ойыншықтар да сатылмайтын болады.
Билік неге мұндай шешім қабылдады? Ол жағы әлі белгісіз. Әдетте елде мұндай жарлықтарды жауапты тұлға ауызша айтуы тиіс еді. Ал бұл жолы ондай болған жоқ. Халықтың пікірінше, бұл шешім доңыздың ислам дінінде «лас» жануар екенін білдіргендіктен қабылданып отыр. Сол себепті қаланы безендіруде иттің бейнелері қала бермек. Алайда Түрікменстанда иттерге қатысты екі ұшты ой қалыптасқан.