28 жастағы әйел селфидің арқасында өлімнен аман қалды

0
894

Қыздың миына қан құйылған.


28 жастағы әйел селфидің арқасында өлімнен аман қалды

ERNUR.KZ. Ирландияда 28 жастағы Стефани Фарнан ес-түссіз күйде табылды. Ол селфидің арқасында аман қалды, деп жазады Stan.kz.

Әйелдің әкесі оны ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Артынша анықталғандай, Стефанидің миына қан құйылған екен.

Дәрігерлерге әйелді құтқару үшін оның қашан есінен танып қалғаны туралы нақты мәлімет қажет болыпты. Себебі қан ұйытатын дәрі-дәрмекті ұстамадан соң белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана беруге болады.

Осы кезде Стефанидің ағасы оның смартфонынан таяуда жасаған селфиін тауып алады. Анықталғандай, Стефани әкесі келгеннен 14 минут бұрын селфи жасапты. Өз кезегінде дәрігерлер мұндай жағдайды сәттілік деп атады.

Артынша Фарнан сол күні таңертең суретке түскені есінде жоқ екенін айтты. Әйелдің сөзінше, ол төсектен тұрғаннан кейін басы айналғанын сезіпті. Мұнан кейін қарқынды терапия бөлімінде оянған.

Сонымен қатар ол өзін жақсы сезінетінін айтты. Алдағы уақытта Стефаниге ота жасалатын болады.