4 жастағы қыз аттракционда қаза болды

0
1 674

Турткул қаласындағы "Ешлар" ойын-сауық орталығына анасымен бірге келген төрт жастағы қызды балалар паровозы басып кеткен. Қайғылы оқиға 31 мамырда - Балаларды қорғау күніне бір күн қалғанда тіркелді.


4 жастағы қыз аттракционда қаза болды

Қарақалпақстан республикасында Турткүл қаласындағы "Ёшлар" ойын-сауық саябағында төрт жастағы қыз аттракционда қайтыс болды. Баланы саябақта серуендеуге арналған паровоз басып кеткен.

Турткул қаласындағы "Ешлар" ойын-сауық орталығына анасымен бірге келген төрт жастағы қызды балалар паровозы басып кеткен. Қайғылы оқиға 31 мамырда - Балаларды қорғау күніне бір күн қалғанда тіркелді.

Турткүл ауданы басшысының жастар мәселелері жөніндегі орынбасары Хайрулла Матназаров болған оқиғаны растады.

– Ол жерде қоршау болған. Бірақ орталық қожайыны қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Бұл мемлекетке емес, жекеменшіктегі аттракцион. Онда қауіпсіздік белбеуі болған. Қазір құқыққорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижелерін кейін хабарлаймыз, – деді шенеунік.

Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайдың қарапайым техникалық қауіпсіздіктерді сақтамауынан болғанын айтты.

– Балалар күні қарсаңында анасы баласымен орталыққа барған. Қоршаулардың арасында балалар өтетін аралық бар. Бала сол жерден өтіп, паровозға жақын келген. Оператор паровозды сол кезде жүргізген, ол баланың белінен басып кеткен. Қыз оқиға орнында қаза тапты, – деді оқиға куәгерлері.

Аудан тұрғындары "Ёшлар" саябағындағы аттракциондардың әбден тозығы жеткенін айтты.

– Бір жыл бұрын бізге ескі аттракциондарды Ташкенттен әкелді. Олардың кейбірінде қауіпсіздік белдігі жоқ. Олардың қожайындары ақша табуды ғана біледі, – деді Турткүл тұрғыны.

дереккөз: centralasian.org