49,5 млн теңгеге сатылған төлқұжат

0
1 691

Виктор Цойдың төлқұжаты аукционда 49,5 млн теңгеге сатылды


49,5 млн теңгеге сатылған төлқұжат

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мәскеуде Виктор Цойдың төлқұжаты аукционанда 9 млн рубльге немесе қазақстандық валютамен есептегенде 49,5 млн теңгеге сатылды, деп жазады Baq.kz.

«Лоттың бастапқы құны 2,5 млн рубльден (13,75 млн теңге) кем дегенде үш есе өсті. Советтік музыканттың қойын дәптері 3 млн рубльге (16,5 млн теңге), "Хочу перемен!" әнінің қолжазбасы 3,6 млн рубльге (19,8 млн теңге) сатылды», - деп жазады ТАСС.

"Литфонд" аукцион үйінің өкілі хабарлағандай, әншінің төлқұжаты 9 млн рубльге сатылды.

Цойға құжат 8 айға кешіктіріліп 16 жасында берілген, онда оның Марианна Родованскаямен шаңырақ көтергені туралы Ленинград қаласының Мәскеу аудандық АХАЖ бөлімінің ақпараты тіркелген.

"Литфондтың" бас директоры Сергей Бурмистровтың айтуынша, аукцион өкілінің мамандары ІІМ-ге сұрау жолдатып, төлқұжаттың жалған емес екенін анықтайтын сараптамадан өткізіп, дәлелдеген.

Ал, Цойдың төлқұжатында ленинградтық, мәскеулік рок-музыкантардың, оның ішінде Борис Гребенщиковтың, Майк Науменконың, Артемий Троицкийдің және өзгелердің телефондары жазылған.

Виктор Цой – советтік орындаушы, "Кино" тобының (1982-1990) негізін қалаушы. "Звезда по имени Солнце", "Хочу перемен!", "Группа крови", "Дальше действовать будем мы" әндерінің және т.б. авторы. 1962 жылы Ленинградта туылған, ал 1990 жылы жол апатынан қайтыс болды. Санкт-Петербургтегі Богословск зиратында жерленген.