66 жастағы өрт сөндірушісі баланы өлімнен аман алып қалғаны үшін бүйрекпен "марапатталды"

0
1 010

Жас ана қызын 2 жыл бұрын құтқарып қалған өрт сөндірушіге бүйрегін сыйлады


66 жастағы өрт сөндірушісі баланы өлімнен аман алып қалғаны үшін бүйрекпен

ERNUR.KZ. Бекки Банди — Хэдли есімді балақай талма ауыруымен ауырады. Бірде түн ішінде оның ұстамасы ұстап қалып, жас анасы құтқару қызметін шақыруға мәжбүр болады. Сол кезде жақын маңда жүрген 66 жастағы өрт сөндірушісі Билл Кокс жедел жәрдемнен де бірінші жетіп, қызға алғашқы көмек көрсетті. Соның арқасында бала бір өлімнен аман қалды, деп жазады Stan.kz.

Бірақ, Билл біраз уақыттан кейін ешкімнің қоңырауына жауап бере алмады. Дегенмен, ол назардан тыс қалмады және Бекка оның игілікті ісін есіне сақтап қалды.

Екі жылдан кейін, Бекка барға барғанда кездейсоқ Биллды кездестіріп қалады. Қызының құтқарушысын бірден таныған әйел оған жақындап, әңгімелесе кетті. Әңгіме барысында өрт сөндіруші қыздың анасына бала кезінен бастап бір бүйрегі болмағанын және екіншісінің де ауыра бастағанын айтып қалады.

Оның ағзасы шұғыл түрде бүйрек салуды қажет етті. Бірақ донорлық органдарда кезекте тұрғандар көп еді. Сонда осы туралы естіген Бекка қызын құтқарған өрт сөндірушінің рақымын есіне түсіріп және екеуінің қан тобының бір екенін біліп, ойланбастан көмегін ұсынды. Сөйтіп, қажетті сынамалардан кейін, әйелдің бүйрегінің Биллге жарайтыны анықталды.

Бұл қуанышты естіген өрт сөндіруші де, қыздың анасы да көз жастарын тия алмады. Өз құлағына өзі сенбеген Билл қыздың анасына ризашылығын жеткізумен болды.

Осылайша, ота сәтті өтіп, жас ана мен өрт сөндірушісі қалыпқа келді. Бүгінде Билл мен оның әйелінің үйінде Хадлидің суреттері мақтанышпен ілулі тұтады. Ал өзіне жасаған жақсылығына алғыс ретінде өрт сөндіруші Беккаға періштенің мүсінін сыйға тартып, оны періштесі санайтынын айтты.