Шымкент қаласының әкімі Ғаидулла Әбдірахымов Түркіменстанның астанасы Ашxабад қаласында өткен ТМД мемлекеттерінің өнер және ғылым саласындағы зиялылар Форумына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы шаһар әкімі өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.
Ғабидулла Әбдірахымов іс-сапар барысында Үкімет төрағасының орынбасары - сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен, Ашxабад қаласының әкімі Шамуxаммет Дурдылыевпен, Түркіменстанның сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен және ТМД елдерінен келген басқа да әріптестеріммен кездескен.
"Сапарымыздың басты мақсаты - Шымкент қаласының таныстырылымын өткізу және мәдени-іскерлік байланыстарды нығайту болды" деп жазады ол.