Абхазияда наразылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алуға тырысты

0
130

Шерушілер полиция қызметкерлерін тас пен таяқпен атқылаған, бірақ құқық қорғау органдары оларды ғимараттың кіреберісінде тоқтатуға тырысты.


Абхазияда наразылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алуға тырысты

ERNUR.KZ. 15 қарашада Абхазияда наразылық шерулері күшейіп, шерушілер парламент ғимаратына басып кірді, деп жазады Ulysmedia.kz.





Нужная Газета басылымының жазуынша, ел астанасы Сухумиде жиналған наразылық білдірушілер Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісімге наразы болған. Олар металл қоршауларды бұзып, парламент аумағына енді. Шерушілер полиция қызметкерлерін тас пен таяқпен атқылаған, бірақ құқық қорғау органдары оларды ғимараттың кіреберісінде тоқтатуға тырысты. Алайда келіссөздер ұзаққа созылып кеткеннен кейін наразылық білдірушілер терезе торларын сындырып, парламентке кірді.

Шартқа қарсы шыққан тұрғындар оны елдің мүдделеріне қайшы деп бағалады. Жергілікті парламент отырысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылдағанымен, наразылық білдірушілер үкімет ғимаратын қоршауға алды.


Құқық қорғау органдары наразылық білдірушілерге кедергі жасамаай, акцияға қосылған азаматтардың саны артта түсті. Абхазия ІІМ басшысы мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жетекшісі шерушілермен келіссөз жүргізу үшін оқиға орнына келді.

Парламент спикері Лаша Ашуба және оның орынбасары Астамур Аршба артқы есік арқылы ғимараттан шығып кеткен. Президент Аслан Бжания да парламентті тастап кеткені хабарланды.


Наразылық білдірушілердің айтуынша, олардың әрекеттері Ресей-Абхазия серіктестігіне қарсы бағытталмаған. Олар стратегиялық әріптестікті қолдай отырып, президент Бжанияның бұл қарым-қатынасты жеке мүддесіне пайдалануына қарсы шықҚАН. Оппозиция президенттің отставкаға кетуін талап етті.

Оппозиция бұл жағдай әділеттілік пен ұлттық мүдделерді қорғау мәселелерінде абхаз қоғамының бірлігін көсетті деп санайды.


Наразылықтар 11 қарашада Сухумиде басталған. Шерушілер Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ғимаратының алдында жиналып, қамауға алынған оппозиция өкілдерін босатуды талап етті. Наразылық білдірушілер мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыстар болды. Ұсталғандарды парламент ғимаратының алдында депутат Алмас Акабаны соққыға жыққан оқиғамен байланыстырып жатыр.

Шерушілер негізгі жолдарды жауып, қаладан шығатын үш көпірді бөгеген. Кейін билікпен келіссөздерден кейін бір көпір уақытша ашылғанымен, көп ұзамай қайта жабылды.