Әйел егіз ұлдарын сатып жаңа телефон алған

0
847

Сәбилердің әкесі олардан бас тартқан.


Әйел егіз ұлдарын сатып жаңа телефон алған

ERNUR.KZ. Қытайдың Чжэцзян провинциясында өзінің жаңа туылған егіз ұлдарын сатып жіберген ана ұсталды, деп жазады lenta.ru.

Келісім 2018жылдың қыркүйек айында орын алған. Балаларын сатқан әйелдің сөзінше ол мұндай іске ақшаның жоқтығы мен қарыздарының көбейіп кетуі салдарынан барған. Сәбилердің әкесі олардан бас тартқан. Ал әйелдің ата-анасы некесіз дүниеге келген балаларға көмектескісі келмеген.

Әйел егіз ұлдары үшін 65 мың юань көлемінде ақша алған. Осыдан кейін сатылған балалардың әкесі қайта хабарласып, өзі де қарыздарынан құтылмақ ниетте әйелді ақшаның жартысын бөлісуге үгіттеген. Одан қалған ақшаға әйел жаңа телефон алып, несиесін төлеген.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаны мұнан өзге тергеу жұмыстары кезінде анықтаған. Олар сатылған баланың әкесін де, шешесін де тұтқындаған. Ал егіздерді Аньхо провинциясынан тауып, әйелдің ата-анасының тәрбиесіне беріпті.