Елімізде Нью-Йорк киноакадемиясының филиалына қабылдау жүріп жатыр

0
77

Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Креативті индустрия паркінде орналасқан Нью-Йорк киноакадемиясының филиалына тыңдаушыларды қабылдау жүріп жатыр.


Елімізде Нью-Йорк киноакадемиясының филиалына қабылдау жүріп жатыр

Фото: kazpravda.kz

ERNUR.KZ. Мұнда 5 бағыт бойынша мамандар әзірлейді, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, продюсерлік, сценарий жазу, ойындардың дизайны мен әзірлемесін жасау, сондай-ақ анимация және визуалды эффектілер бойынша кадрлар дайындайды.

Сабақ қыркүйек айында басталады. Мерзімі – 1 жыл. Оқу ағылшын тілінде жүреді. Дәрісті америкалық профессорлар оқиды.

Бірінші кезеңде филиал 200-ге жуық адам қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл әзірге Нью-Йорк киноакадемиясының Орталық Азиядағы алғашқы филиалы. Алдағы уақытта паркте түсірілім павильонын салу көзделген.

Айта кетейік, Креативті индустрия паркі былтыр Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында ашылды.