Көпшілік оқиға болған жерден қаша жөнелген ер азаматтарды сынап жатыр.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде төрт ер адам тұрған жерде жүгіріп барып өртті сөндірген әйел адамның видеосы қызу талқыға түсті. Бұл уақытта ер азаматтар жан-жаққа қашып үлгерген еді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жанар-жағармай бекетіне төрт ер адам келеді. Кенет бірінің мотоциклі отқа оранады. Төрт бірдей азамат жан-жаққа қашып кетсе де, әйел адам жүгіріп барып қызыл жалынды сөндіреді.
Аталған видео әлеуметтік желідегілердің қызу талқысына түсті. Көпшілік оқиға болған жерден қаша жөнелген ер азаматтарды сынап жатыр. Арасында күлкіге қарық болғанын жазғандар да болды.
«Өзі мықты әйел екен», «Видео деп осыны айт. Мен еркек көріп тұрған жоқпын. Ана әйел адам жарады», «Бұл жанар-жағармай қызметкері ретінде әйел адамның міндеті. Ал қалғандары өз өмірін құтқарып қалуға толық құқылы», «Жоқ, мен ер азамат көріп тұрған жоқпын», «Бұл әйелге деген құрметім шексіз», «Еркектер батыр емес, ез екен» деп жазды желі қолданушылары.