​Әйелінен таяқ жеген еркек полиция шақыруға мәжбүр болды

0
1 937


​Әйелінен таяқ жеген еркек полиция шақыруға мәжбүр болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Самарқанд облысында аудандық милиция бөліміне жергілікті ер-азаматтан қоңырау түсіп, ол өзін әйелінің ұрып-соғуынан арашалауды сұраған, деп жазады желгілікті басылымға сілтеме жасаған ca-news (uz).

«Жергілікті тұрғын «102»-ге қоңырау шалып, өзін әйелінен қорғауды өтінді. Оны әйелі ұрып-соғып, денесіне жарақаттар салған. Әйелі Нигора – өте күшті болғаны ғой, күйеуін осындай жағдайға душар етсе», - деп жазады жергілікті басылым.

Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, Өзбекстан халқында әйелдің еркекке күш көрсетуі жиі орын алатын көрінеді. Себебі, тағы бір ер-азамат өзінің келінінен таяқ жегендігін айтып шағымданған. Мақала авторы жергілікті халық арасынан әйелге шағым жиі түскенмен, «әлсіз» еркектер анау айтқандай жәбір көре қоймағандығын атап өткен.