АҚШ генералы Ауғанстанда құрбан болғандардың жалпы санын жариялады

0
627

20 жыл ішінде АҚШ әскери және азаматтық күштері арасында 2461 адам қаза тапқан.


АҚШ генералы Ауғанстанда құрбан болғандардың жалпы санын жариялады

ERNUR.KZ. АҚШ әскері Ауғанстанда болған 20 жыл ішінде 2 мыңнан аса қызметкерден айырылған. Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының (USCENTCOM) басшысы мәлімдеді, оның жауапкершілік аймағына Таяу Шығыс, генерал Кеннет Маккензи кіреді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Әскердің шығарылуымен АҚШ-тың Ауғанстандағы жиырма жылдық миссиясы аяқталады. 20 жыл ішінде АҚШ әскери және азаматтық күштері арасында 2461 адам қаза тауып, 20 мыңнан астам адам жараланды", - деді ол.


Бір күн бұрын Кабул әуежайынан соңғы америкалық әскери ұшақ кеткені хабарланды. Al-Jazeera телеарнасына дереккөз берген мәлімет бойлынша, АҚШ әскерлерінің шығарылуы аяқталғаннан кейін Кабул халықаралық әуежайы "Талибан" қозғалысының толық бақылауына өтті (Қазақстанда тыйым салынған - авт.ескерту).

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы АҚШ күштерін шығарудың соңғы күні - 31 тамыз болатынын мәлімдеген.