Трамп ар-Римидің өлімі "Әл-Каидаға" жасалған соққы деп айтты.
ERNUR.KZ. АҚШ Йемендегі арнайы операция барысында "Әл-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының жетекшісі Касим ар-Римидің көзін жойды, деп жазады Тengrinews.kz.
"Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Құрама Штаттары Йеменде контртеррористік операция өткізді, нәтижесінде Арабия түбегінде "Әл-Каиданы" құрған және оның лидері Касим ар-Римидің көзі жойылды", - делінген АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарламасында.
Трамптың айтуынша, ар-Римидің өлімі "Әл-Каидаға" жасалған соққы және "бұл топтың АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне деген қатерін жойды".
"Біз америкалық халықты қорғап, бізге зиян келтіргісі келетін террористердің көзін жойып отырамыз", - деді АҚШ президенті.