Камала Харрис ХАМАС содырлар тобынан 6 аптаға атысты тоқтату келісіміне келуді талап етті.
ERNUR.KZ. АҚШ вице-президенті Камала Харрис Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың «гуманитарлық апатқа» ұшырағанын айтты. Ол ХАМАС содырлар тобынан 6 аптаға атысты тоқтату келісіміне келуді талап етті. Сондай-ақ Израильді Газаға гуманитарлық көмек жеткізілімін арттырудың нақты жолдарын белгіледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Газа секторында соғыстан келген зардаптың көлемін ескере отырып, дереу атысты тоқтатуға шақырамын. ХАМАС мәмілеге келуі керек. Атысты тоқтатайық. Газада адамдар ашығып жатыр. Адам баласы шыдайтын жағдайда емес. Адамгершілікке салып, әрекет етейік. Израиль үкіметі көмек ағынын едәуір арттыру үшін барлық қолынан келгенін жасауы керек. Ешқандай сылтау қабылданбайды», - деді ол Алабама штатындағы жиында.
Жексенбі күні ХАМАС делегациясы атысты тоқтату туралы келіссөздердің соңғы раундына қатысу үшін Каирге келген болатын. Бірақ қандай нәтиже шыққаны белгісіз. Израильдік «Yedioth Ahronoth» онлайн басылымының жазуынша, ХАМАС кепілге алынған адамдардың есімі жазылған толық тізімді ұсыну талабын мойындамағаннан кейін, Израиль келіссөздерге бойкот жариялады деп хабарлады.
Келіссөздер туралы бір дереккөз сенбіде ХАМАС алдымен кепілге алынғандардың толық тізімін ұсынбаса, Израиль Каирден іргесін аулақ салады деп мәлімдеді. Палестина дереккөзі Reuters агенттігіне ХАМАС бұл талапты әзірге қабылдамағанын айтты.
Вашингтон Рамазан айының басында «екі жақ атысты тоқтату туралы келісімге келуі керек» деп отыр. Сенбіде АҚШ шенеунігі Израиль негіздемелік келісімге келісті деп мәлімдеді. Бұл келісім былтыр 5 айдан бері жалғасып келе жатқан соғыстағы алғашқы кеңейтілген бітімге әкелмек.
Айта кетейік, ХАМАС-Израиль соғысы 2023 жылы қазақ айында ХАМАС содырлары Израиль қалаларына басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 253 адамды кепілге алғаннан кейін басталды. Газаның Денсаулық сақтау органдарының мәліметі бойынша, содан бері Израиль күштерінің қолынан 30 000-нан астам Палестина жұрты қаза тапқан.
Газа секторының бір бөлгі жермен-жексен болды, халықтың барлығы дерлік баспанасыз қалды, ал Біріккен Ұлттар ұйымы Газа тұрғындарының төрттен бірі ашаршылық алдында тұрғанын айтады.