АҚШ Өзбекстанның 645 балабақшасын тамақпен қамтамасыз етеді

0
1 624

Бұдан бөлек бағдарлама аясында 3-7 жасқа дейінгі балалардың балабақшада сапалы тәрбие алуы бойынша жағдай жасалынады.


АҚШ Өзбекстанның 645 балабақшасын тамақпен қамтамасыз етеді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың "Қайырымдылық корпусы" (Mercy Corps) ұйымы Өзбекстанның мектепке дейінгі білім беру министрлігі және санитарлық-эпидемиологиялық саулық қызметімен "Білім беру үшін азық-түлік, балалар тамағы" бағдарламасы бойынша меморандумға қол қойды, деп жазады centralasian.org.

Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшілігі мәлімдеді.

21 миллион долларлық бюджеті бар бағдарлама 400-ден астам балабақшаны азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп, Қарақалпақстан және Сұрхандария облыстарындағы 245 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің инфрастуруктурасын жақсартуға бағытталған.

Бұдан бөлек бағдарлама аясында 3-7 жасқа дейінгі балалардың балабақшада сапалы тәрбие алуы бойынша жағдай жасалынады.

"Қайырымдылық корпусы" 10 жылдан астам үзілістен кейін былтыр наурыз айында Өзбекстандағы ісін қайта бастаған.