​АҚШ Ресейден Сириядағы бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруды талап етті

0
1 102

АҚШ сириялық Зардан ауылында 44 бейбіт тұрғынның, соның ішінде алты баланың өлімі үшін әуе соққыларын жасаған Ресейді айыптады.


​АҚШ Ресейден Сириядағы бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруды талап етті

фото ukrainanews.com.ua

АҚШ Ресейден Сириядағы бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруды талап етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

АҚШ сириялық Зардан ауылында 44 бейбіт тұрғынның, соның ішінде алты баланың өлімі үшін әуе соққыларын жасаған Ресейді айыптады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Науэрттің твиттердегі жазбасында айтылды.

АҚШ "Сирия халқымен, үкімет құрбандары мен олардың жақтастарымен бірге" Ресейді бейбіт тұрғындарды қыруын доғаруға шақырады, делінген Науэрт хабарламасында.

Бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Сирияның шығысындағы Иблиб провинциясында орналасқан Зардана ауылына жасалған соққыға алаңдаушылық білдірген. 8 маусымға қараған түні жасалған әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапты.

Адам құқықтарын қорғаушылар да бұл әуе шабуылы үшін Ресейді айыптады. Conflict Intelligence team (CIT) зерттеу тобының хабарлауынша, қырықтан астам адам қаза тапқан Зардана ауылына әуе соққысы жасалған уақытта әуеде Ресей ұшақтары ұшып жүрген.