АҚШ Сбербанк-қа қарсы санкция салуы мүмкін

0
679

​Құрама Штаттар Александр Бортников пен оның ұлы Денис, Сергей Кириенко және оның ұлы Владимир, Петр Фрадковқа, сондай-ақ олардың туыстарына санкциялар енгізді.


АҚШ Сбербанк-қа қарсы санкция салуы мүмкін

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттары қажет болған жағдайда Сбербанк пен ВТБ-ға санкция салуға дайын. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ақ үй әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресейдің қаржы ұйымдары қауіптен қорғаулы деп айта алмаймын. Егер Ресей шабуылды жалғастыратын болса, онда барлық активтері шамамен $750 млрд құрайтын Сбербанк пен ВТБ-ға қарсы шектеу енгіземіз", – деді ол.

Бұған дейін АҚШ Александр Бортников пен оның ұлы Денис, Сергей Кириенко және оның ұлы Владимир, Петр Фрадковқа, сондай-ақ олардың туыстарына санкциялар енгізді.

"Мен ресейлік элиталардың өкілдерін атаймын, бұған олардың отбасы мүшелері де кіреді. Олар – Александр Бортников және оның ұлы Денис (ВТБ банкі президентінің орынбасары), Сергей Кириенко және оның ұлы Владимир (VK бас директоры), сондай-ақ "Промсвязьбанк" төрағасы Петр Фрадков. Бұлардың барлығы "қара тізімде", – деді ол.

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды. Мәскеудің бұл қадамын әлемнің барлық дерлік елдері айыптады.