Иммунизациялау шарасына Moderna вакцинасының екі дозасы, ал Pfizer-дің 3 дозасы қолданысқа енгізілді.
ERNUR.KZ. АҚШ-та алты айдан асқан балаларға коронвирусқа қарсы екпе салдыра бастады, деп жазады 24.kz.
Иммунизациялау шарасына Moderna вакцинасының екі дозасы, ал Pfizer-дің 3 дозасы қолданысқа енгізілді. Жергілікті билік препараттардың таңдауын әлі де арттыратынын хабарлайды.
Жалпы елде жүргізілген сауалнамаға сәйкес 5 жасқа дейінгі баласы бар әр бесінші ата-ана баласының ковидке қарсы екпе қабылдауын құп көреді. Қазір АҚШ-та 5 жасқа толмаған бүлдіршіндердің саны 20 млн шамасында. Ал олардан ересек балалар өткен жылы егілген болатын.