АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты

0
1 175

Ұшқыштар қауымдастығы ұшақ бортында екі зейнеткер ұшқыш болғанын хабарлады.


АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады, деп жазады sputnik.kz.

Сенбі авиашоуда II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақтардың шеруі өтті. Шараға мыңдаған адам жиналды. В-17 бомбалаушы ұшағы төмен ұшып келе жатқанда оған P-63 Kingcobra жойғыш ұшағы соғылды. В-17 қақ бөлініп, жерге құлағаннан кейін отқа оранды.
BBC порталының мәліметіне сәйкес, әзірше қайтыс болған адамдар туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда ұшқыштар қауымдастығы ұшақ бортында екі зейнеткер ұшқыш болғанын хабарлады.
Терри Баркер мен Лен Рут B-17 экипажы құрамына кірген.
Мамандардың айтуынша, B-17 экипажында әдетте 4-5 адам болады. Ал P-63 Kingcobra жойғыш ұшағын бір пилот қана басқарады.