АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

0
461

Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр.


АҚШ-та дауыл кезінде 600-дей адам жоғалып кетті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың оңтүстік-шығысында "Хелен" дауылы кезінде 600-дей адам жоғалып кеткен, деп жазады kaz.zakon.kz.

Ал қаза тапқандар саны 116-ға жетіп отыр. Құрбандардың көбі — Солтүстік және Оңтүстік Каролина тұрғындары. Осы аптада бұл аймаққа президент Джо Байден сапар шегіп, жағдаймен танысуға уәде берді.


Сонымен қатар, жауындатып соққан дауылдан кейбір елді мекендер тұтастай қираған. Және де талай жол зақымданып, көпірлер құлап, көшелер өзенге айналды.

Ал жарықсыз қалғандар саны 2 миллионға жетіп отыр. Айта кетсек, алапат дауылдан Флорида, Теннесси, Джорджия штаттары да айтарлықтай зардап шекті.