АҚШ-та қатерлі ісік тудырған дәрі үшін фармкомпания $2 млрд төлейді

0
1 329

Ерлі-зайыпты Элва мен Альберта Пиллиод америкалық Monsanto компаниясына қарсы шағым түсірген.


АҚШ-та қатерлі ісік тудырған дәрі үшін фармкомпания $2 млрд төлейді

ERNUR.KZ. АҚШ соты Bayer неміс фармацевтикалық компаниясын ерлі-зайыптыларға 2 млрд доллар төлеуге міндеттеді. Олар арамшөптерден жасалған дәрілік заттарды қолданып, қатерлі ісік ауруына шалдыққан, деп жазады inform.kz.

Калифорнияның алқабилер соты Bayer компаниясының немқұрайлық танытып, тұтынушыларға дәрілік заттардың құрамындағы глифосаттың денсаулыққа қауіпті екенін ескертпеді деген үкім шығарды. Bayer тағылған айыпты мойындамай отыр. Неміс компаниясы шағым түсірілген Roundup дәрісінің қауіпті еместігін айтуда.

Ерлі-зайыпты Элва мен Альберта Пиллиод гербицидті шығарған Monsanto америкалық компаниясына қарсы шағым түсірген. Олардың айтуынша, соның кесірінен ходжкиндік емес лимфома өршіп кеткен. Bayer Monsanto компаниясын былтыр 63 млрд долларға сатып алған болатын. Айта кетсек, 2015 жылы Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігі мен ДДСҰ Қатерлі ісікке қарсы күрес агенттігі дәрілік заттың «адамдар үшін канцерогенді болуы мүмкін» деген тұжырым жасаған еді.