2022 жылы АҚШ-та шамамен 49,5 мың адам өз-өзіне қол жұмсаған.
ERNUR.KZ. 2022 жылдың соңында АҚШ-та Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі статистикалық бақылаулар тарихында ең көп суицид тіркелді, деп жазады zakon.kz.
The Associated Press мәліметі бойынша, 2022 жылы АҚШ-та шамамен 49,5 мың адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан бергі статистикалық бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екен. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та өз-өзіне қол жұмсау санының артуы көптеген факторларға, соның ішінде атыс қаруына қолжетімділік пен депрессия жағдайларының көбеюіне байланысты болуы мүмкін.
Америка Құрама Штаттарында өз-өзіне қол жұмсау саны 2000 жылдан 2018 жылға дейін тұрақты өсіп отырған. 2019-2020 жылдары статистика кенеттен жақсара бастады: бір қызығы, бұған Covid-19 індеті әсер еткен болуы мүмкін, өйткені қиын уақытта адамдар бірігіп, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуге бейім. Бірақ 2021 жылдан бастап Америка Құрама Штаттарында өз-өзіне қол жұмсау саны қайтадан көбейе бастапты.