АҚШ-та TikTok-ке тыйым салынуы мүмкін

0
886

TikTok үшін АҚШ пен Үндістан ең ірі нарықтардың бірі саналады.


АҚШ-та TikTok-ке тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Қытайдан шыққан TikTok қосымшасы Америка аумағында бұғатталуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, пайдаланушылардың дерегі шетелдік серверлерге жіберіледі деген болжам бар.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп осыдан екі жыл бұрын Қытайдың бірнеше технологиялық компаниясына санкция салған-ды.

Еске салайық, жуырда Үндістан билігі де Қытайдың 59 мобильді қосымшасын пайдаланбайтын болды. Қаза тізімнің ішінде TikTok әлеуметтік желісі мен WeChat мессенджері де бар. Үнді билігі бұл бағдарламалар мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына қауіп төндіреді деп отыр.

Айта кетейік, TikTok үшін АҚШ пен Үндістан ең ірі нарықтардың бірі саналады.