Оған нөсер жауын себеп.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миссисипи штатында төтенше жағдай тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нөсер жауын салдарынан өңірді су басқан. Әсіресе штат астанасы Джэксон қаласындағы жағдай қиын болып тұр. Мұнда өзендегі су деңгейі 11 метрден асып кетіп, арнасынан тасыған. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1983 жылғы тасқын кезінде тіркелген екен. Жолдарды су басқан. Сондықтан тұрғындар қайықпен қатынауға мәжбүр. Шаһар қапталындағы бірнеше ауданда эвакуация жүргізіліп жатыр. Ал билік нөсер толастамаса, 3 жарым мыңнан аса ғимаратқа нұқсан келуі мүмкін деп отыр.