АҚШ-тағы дауыл кем дегенде он адамның өмірін қиды

0
383

Сақтандырылған мүлікке келтірілген залал сомасы $30-50 млрд долларына бағаланады.


АҚШ-тағы дауыл кем дегенде он адамның өмірін қиды

Фото: Слово и Дело

ERNUR.KZ. Биліктің мәліметінше, Флорида жағалауына жеткен Милтон дауылының құрбандарының саны 10-ға жетті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркас хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

CNN хабарлауынша, қаза тапқандар Сент-Люси мен Ситрус округтерінде, сондай-ақ Ормонд Бич пен Сент-Питерсберг қалаларында өмір сүрген.

Дауылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Сонымен бірге, Майоркас айтқандай, Флориданың кейбір тұрғындары жалған ақпаратқа сеніп, құтқарушылардың көмегін қабылдағысы келмейді. Бұған дейін зардап шеккендердің жері мемлекетке беріледі деген қауесет шыққан болатын.

Штат губернаторы Рон Десантистің айтуынша, 10 қазанда кешке қарай апат аймағынан 340 адам мен 49 үй жануарлары құтқарылды.

"Милтон" дауылы нәтижесінде Флорида тұрғындарының сақтандырылған мүлкіне келтірілген залалды Fitch Ratings 30-дан 50 миллиард долларға дейін бағалайды.

Қазіргі уақытта "Милтонға" "пост-тропикалық циклон" мәртебесі берілді. 10 қазанға қараған түні, дауыл Флорида жағалауына жетіп, Сарасота округіне шыққан кезде, Ұлттық дауылды бақылау орталығы оған 3 санат берді.