Ресей билігінің айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлінгені туралы ақпаратты растады, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз және Украинаға қажетті қолдау көрсетуді жалғастырамыз", – деді департамент өкілі.
Өткен аптада CNN арнасы АҚШ билігі Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді деп хабарлаған еді. Осы күнге дейін ведомство бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамады.
Америкалық тарап Украинаға қару-жарақ, оқ-дәрілер, медициналық жабдықтарды жібермек. Бұл бұйрықты президент Джо Байденнің өзі берген екен. Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.