Әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталды – ДДСҰ

0
670

Дельта-штамм әлемнің 111 елінде қарқынды таралып жатыр.


Әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталды – ДДСҰ

ERNUR.KZ. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқандар саны осымен төртінші апта қарқынды өсіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған негізгі үш фактор себеп дейді, олар: дельта-штамм, адамдардың карантин талаптарын сақтамауы және мемлекет басшыларының ақылға қонымсыз шешімдері деп жазады РБК.

ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейсус әлемде коронавирустың үшінші толқыны басталғанын ресми мәлімдеді.

Оның айтуынша, екінші толқыннан кейін әлем елдері басшылары қатаң карантиндік шаралар енгізіп, халықты жаппай вакцинациялауды бастаған кезде КВИ-дің таралу қарқыны бәсеңедеген, өлім саны да азайған.

«Өкінішке қарай, қазір бұл тенденция өзгерді және біз үшінші толқынға аяқ бастық», - деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы.

Әлемде төртінші апта вирус жұқтырғандармен қатар, өлім-жітім саны да көбейген. Оған ең басты себеп – дельта-штамм. Ол әлемнің 111 елінде таралып жатыр.