​Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін бе – ДДСҰ жауабы

0
502

Қытай тұрғынында құс тұмауының H10N3 вирус штаммы анықталды, бұрын адамдарға жұғу жағдайы тіркелмеген.


​Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін бе – ДДСҰ жауабы

ERNUR.KZ. Әлемде алғаш рет құс тұмауы адамға жұқты. Бұл жағдайдың салдары туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтты, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың даму қаупін бағалайды.

"ДДСҰ тұмауды эпидемиологиялық қадағалау және алдын-алу шаралары ғаламдық жүйесі (GISRS) арқылы вирустарды, оның ішінде пандемияға айналу ықтималдығы бар вирустарды үздіксіз бақылайды және қауіп-қатерге баға береді. ДДДҰ Қытайдың ұлттық үкіметімен және GISRS серіктестерімен бірлесе жағдайды бақылап отыр", - деп келтіреді оның сөзін РИА Новости.

ДДСҰ реси өкілі мамандар саяхат пен саудаға шектеу қоюды ұсынбайтынын алға тартты. Алайда адамның бұл вирусты жұқтыруы "тұмау пандемиясы қаупінің сақталуын еске салатын" жағдай екенін айтты.

Қытайда құс тұмауы адамда анықталды

Қытайдың Цзянсу провинциясында адамның H10N3 құс тұмауы штаммын жұқтыру фактісі анықталды. Язаревичтің айтуынша, бұл төмен патогенді штамм тірі құс базарында 2002 жылдан табылған, бірақ адамға жұғу жағдайы тіркелмеген еді.

Ауру жұқтырған Чжэнцзян қаласының 41 жастағы тұрғыны 28 сәуірде тұмау белгілерімен ауруханаға түсті. Кейінірек құс тұмауы вирусының H10N3 штаммы анықталды.

Қазіргі кезде науқастың жағдайы қалыпты, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Дәрігерлер оның кіммен байланыста болғанын анықтады. Әзірге оларда тұмау белгілері байқалмады. Чжэнцзян қаласының тұрғынына вирус қалай жұққаны белгісіз.

H10N3 штаммы алғаш рет 1979 жылы Гонконгта, кейін 2011 жылы Таиландтағы құс базараында табылды.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде Қазақстанда құс тұмауының өршуі тіркелді. Ол кезде аурудың жабайы құстардан үй құсына жұққаны анықталды. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл штаммның адамға қауіпі жоқ, себебі ол 40-50 градуста жойылып кетеді.