Әлемдегі барлық көк көзді адамдар бір адамның ұрпағы – Ғалымдар

0
519

Жердегі адамдардың тек 10%-ның көзі көк түсті.


Әлемдегі барлық көк көзді адамдар бір адамның ұрпағы – Ғалымдар

ERNUR.KZ. Даниялық ғалымдар зерттеу жүргізіп, әлемдегі барлық көк көзді адамдар 6-10 мың жыл бұрын өмір сүрген бір адамның ұрпағы деген қорытынды жасады, деп жазады stan.kz.

Ғалымдардың сөзінше, Жердегі адамдардың тек 10%-ның көзі көк түсті. Көп жылдар бойы олар адам көзіндегі қоңыр пигментің деңгейін анықтайтын ОСА2 генін зерттеген. Нәтижесінде ғалымдар көздің көк түсті болуы HERC2 генінен бастау алатын генетикалық мутация екенін анықтады. Осылайша көзге көк түсті пигмент қосылады.

Сонымен қатар ғалымдар бұл мутацияның 6-10 мың жыл бұрын өмір сүрген бір ғана адамда болғанын анықтады.

"Әлемдегі барлық көк көзді адамдардың ата-бабасы ортақ. Олардың барлығы ДНҚ-дағы бір орында болатын және бірдей мутацияға ие", – деді жасушалық және молекулярлық медицина бөлімінің профессоры Ханс Айберг.

Зерттеушілердің сөзінше, мутация адамдар Африкадан Еуропаға қоныс аударғанда тарауы мүмкін. Бұл еуропоидтық нәсілдегі адамдардың басым бөлігінің көзі көк болуын түсіндіреді.