Әлемдегі ең бай адам қызметінен кетеді

0
2 486

​Джек Ма басқарма төрағасы қызметінен кеткенімен, компания басшылығы мен бизнеске мүлдем араласпайды деген сөз емес


Әлемдегі ең бай адам қызметінен кетеді

ERNUR.KZ. Аса ірі "Alibaba Group ритейл" компаниясының негізін қалаушы әрі иесі компанияның жиырма жылдық мерейтойында оның басшысы қызметінен кетеді, деп жазады Sputnik.

"Бүгін Alibaba-ның 19 жылдығы. Тура бір жылдан соң 2019 жылдың 10 қыркүйегінде компанияның жиырма жылдық мерейтойында Alibaba Group корпорациясының басқарма кеңесі төрағасының қызметін босатамын деп жариялаймын", — делінген Weibo әлеуметтік желісіндегі компанияның ресми парақшасында жарияланған Джек Маның мәлімдемесінде.

Басқарма төрағасы лауазымын компанияның қазіргі бас атқарушы директоры Чжан Юн иеленеді (Дэниэль Чжан).

Джек Ма компанияны басқаруды тапсырғанда Чжан Юнға көмектесуге уәде берді.

2019 жылдың 10 қыркүйегінен кейін 53 жастағы Джек Ма 2020 жылғы жылдың акционерлер кеңесіне дейін директорлар кеңесі мүшесі болып қала береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Джек Ма енді білім саласында қайырымдылықпен айналыспақ.

Forbes журналының бағалауы бойынша, 1999 жылы Alibaba ұйымының негізін қалаған Джека Маның байлығы 36,6 миллиард долларды құрайды.