Ол Александраға сәттілік пен үлкен жеңіс тіледі.
Димаш Құдайберген, Александра Солдатова. Фотоколлаж: NUR.KZ
ERNUR.KZ. Мәскеуде көркем гимнастикадан өткен Гран-придің бірінші кезеңінде ресейлік Александра Солдатова Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Любовь уставших лебедей» әнімен өнер көрсетті. Бұл туралы қазақстандық әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп жазады NUR.KZ.
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Солдатованың видеосын жариялаған Димаш ресейлік спортшы қыздың өнеріне тәні болғанын білдірді.
Сонымен бірге, ол Александраға сәттілік пен үлкен жеңіс тіледі.
«2019 жылғы Гран-при чемпионатында Ресейді таныстырып жатқан қатысушы "Любовь уставших лебедей" әнімен. Әдемі өнер көрсетті. Бұл ән сәттілік әкеледі деп үміттенемін. Үлкен жеңістер тілеймін», - деп жазды Димаш Құдайберген.