Әнші Витас қамауға алынды

0
1 647

Алғашқыда полиция Грачевке шағын бұзақылығы үшін 500 рубль айыппұл салғанымен, прокуратура бұл шешімді бұздырған. Ішімдікке сылқия тойып алып, оқ ату арқылы қоғамға үлкен қауіп өндірді деген айыппен Витас 15 тәулікке қамалуы мүмкін.


 Әнші Витас қамауға алынды

Виталий Грачев, яғни, көпшілікке танымал әнші Витас Барвиха қаласының сыртындағы үйінде 22 наурыз күні тапаншадан оқ атқан. Сол үшін әнші жеті тәулікке қамауға алынды, - деп жазады Ernur.kz тілшісі 7дней.ru.-ға сілтеме жасап.

Алғашқыда полиция Грачевке шағын бұзақылығы үшін 500 рубль айыппұл салғанымен, прокуратура бұл шешімді бұздырған. Ішімдікке сылқия тойып алып, оқ ату арқылы қоғамға үлкен қауіп өндірді деген айыппен Витас 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Әйтсе де прокуратура істі әлі қарап жатыр.

Танымал әншінің көршілері тапанша даусын ести сала полиция шақырып, Витасты өз қолдарымен ұстап берген. Жедел келген тәртіп сақшыларына Виталий Грачев бірден есік аша қоймаған. Кейін есін жиған болса керек, есікті ашады.

Ол өзінің торғай атып, көңіл көтергенін айтып ақталған.