Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған.
ERNUR.KZ. Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді, деп жазады ҚазАқпарат.
Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген.
1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.
Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.